Пятница, Февраль 22, 2019
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматы облысының тұрғыны есектің сүтінен дертіне шипа тауыпты

Есек сүтінде дертке дауа, науқасқа шипа бар! Алматы облысының тұрғыны Виктория Варвашова тақ тұяқты жануардың ел естімеген пайдасын тауыпты.

20.07.2018
0
Алматы облысының тұрғыны есектің сүтінен дертіне шипа тауыпты

Есек сүтінде дертке дауа, науқасқа шипа бар! Алматы облысының тұрғыны Виктория Варвашова тақ тұяқты жануардың ел естімеген пайдасын тауыпты. Айтуынша, кәсіби медицина емдей алмаған асқазан жарасын есектің сүтімен жазған. Қазір бойжеткен ауласында есек байлап, емделушілерге оның сүтін сатуды қолға алған екен. Қазақ «еңбегі адал, еті арам» деп білетін бұл жануардың сүті шынымен пайдалы ма? Бұған дін өкілдері не дейді? Қарапайым жұрттың көзқарасы қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазақ үшін барға саналса да, малға саналмаған жануардың сүтінен шипа іздегендердің бірі — Виктория Варвашова.  Асқазанындағы дертке дауа таппаған соң, дәрігерлер есектің сүтін іш деп кеңес берген екен. Бойжеткен ақ халаттылардың  бұл ұсынысын  құп көріп, бірден іске кіріскен.

«Алғашқы күндері ішім қатты ауырды. Алайда, солай болатынын дәрігерлер ескерткен болатын.  Бірақ, аз уақыттан кейін іштің ауырғаны басылды. Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Шынымен де есектің сүті денсаулыққа пайдалы екен» — дейді Балпық би ауылының тұрғыны Виктория Варвашова.

Виктория тақ тұяқты жануардың сүтін ішкелі алты күн болғанын айтады. Сөзіне сенсек, қазір дертінен айыққан. Енді, өзі сияқты асқазан жарасын емдей алмай жүргендерге көмек көрсетуді көздеп жүрген көрінеді. Айтуынша, Еуропа елдерінде аталған сүтке сұраныс көп, тіпті, литріне екі мың еуро төлейтіндер де бар екен. Осыны ескеріп, жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді бағамен сатуды ұйғарыпты. Бойжеткен  клиенттеріме өзім сауған есек сүтінің бір литрін үш мың теңгеге беруге дайынмын деп отыр.

«Қазір маған  адамдар  хабарласа бастады, көбі аталған сүтті сұрайды. Себебі, менің интернеттегі парақшамды оқып, есек сүтінің пайдасы туралы біліп жатқандар көп. Болашақта осы бағытты қолға алып, есек сүтінің өндірісін дамытқым келеді» – дейді Балпық би ауылының тұрғыны Виктория Варвашова.

 Ал, емделудің тың жолын таңдаушы Викторияға есек сүтін іш деп кеңес берген дәрігерлер бұл мәселеге қатысты жақ ашпай отыр. Өңірде  есек сүтінің құрамын зерттеп, пайдалы не зиянды элементтердің бар-жоғын анықтайтын зертхана да жоқ екен. Дегенмен, диетологтар есек сүтінің пайдасы шаш етектен, дейді. Тек, ол туралы қазақтардың көбі білмейтін көрінеді. Мәселен, бұл сүтті еуропа елдерінде тағам ретінде әрі емдік мақсатта пайдаланатындар көп. Әсіресе, оған косметологтардың сұранысы көп. Сол себепті, кәрі құрлықта оның  литрін 2 мың еуроға дейін бағалайтын көрінеді.

«Есек сүті, әсіресе, ақуызға бай, ішуге жеңіл әрі дәмді. Құрамында магний, калий сынды минералдар бар. Адам ағзасы үшін өте пайдалы. Ертеректе оны  жас балаларға ішкізген. Себебі, ағзаны қайта қалпына келтіріп, баланы жетілдіру үшін бұл таптырмас дәрі» – дейді диетолог Нұршат Нұрболұлы.

Жылқы тектес жануардың сүтінде шипа бар ма деген сауалды жергілікті тұрғындарға да қойдық. Көбі есекті шаруаға пайдаланғаны болмаса, сүтін ішетіндер туралы естімеген екен.

»Дико ғой бізге ол. Қытайда могут там, у нас для этого аптека бар. Аптекаларда врачтар назначают, соны ішу керек. Болды, зачем это?».

»Білмеймін, енді, әркім өзі біледі ғой. Орыстар айтады ғой  «а вкусах не спорят»дейді ғой. Сол сияқты әркімнің өз миы бар, әркімнің ақыл-ойы бар. Есектің сүтін іше ме, зәрін іше ме өздері білсін. Мен не деймін, не істеймін?».

«Есектің сүтін пайдаланбайды ғой. Оны ішкен адамды көрмедім. Жылқынікін болады, мысалы, қымызын білесің. Есектің сүтін білмеймін, енді!»

Дін өкілдері де дертке шипа іздегендердің мұндай әрекетін қолдамайды. Нақтырақ айтқанда, шариғатта есек сүтін ішуге тыйым салынған екен. Ал, ел арасында кез-келген дерттен сауықтырады деп айтылатын ит сорпасы мен борсықтың майы сынды «ойдан құрастырылған» дәрілер-сауатсыздардың шығарған «надани үкімі» дейді имамдар.

«Бұл жерде есектің өзі қандай арам болса, лас нәрселермен қоректеніп, пайғамбарымыз оған тыйым салған болса, оның етіне де, оның сүтіне де соншалықты пайдалануға тыйым салынады.  Және арам нәрселер, лас нәрселер еш уақытта адамға пайдалы, шипалы болған емес, шипа болмайды ол нәрсе. Өйткені, қазір 21-ғасыр, медицина дамыған. Медицина оған ешқашан рұқсат беруі мүмкін емес» – дейді имам Қанат Маратұлы.

Есек сүтін емге пайдаланып, артынша, оны кәсіпке айналдыруды көздеген Викторияның идеясы бастаған жерінен тоқтайтын да сияқты. Себебі, жергілікті билік өкілдері мен аудан имамдары бойжеткеннің мұндай бастамасын қолдамайтындарын айтып, ақыл-кеңестерін берген көрінеді. Мұны ескерген Виктория енді тақ тұяқты жануарды тек шаруаға пайдаланам деп отыр.

Бөлісу5Твит2
Алдыңғы лауазым

Ақтөбелік әйел күйеуінің футболдан ӘЧ кезінде несие алып бәс тіккенін айтып ашынды

Келесі лауазым

Астанада екі жасар сәбиді ұрып-соққан балабақша тәрбиешісі қызметінен кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • Қазақстанда 2019 жылы бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақы қаншаға өскені анықталды

    Қазақстанда 2019 жылы бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақы қаншаға өскені анықталды

    52 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 12
  • Түс көру және оны жору

    2 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 0
  • Жүрек ауруларының көпшілік біле бермейтін белгілерінен хабардар болыңыз(фото)

    54 бөлісу
    Бөлісу 23 Твит 13
  • Айгүл Иманбаева өзіне аман- есен босануды тілеген халыққа алғысын айтты

    9 бөлісу
    Бөлісу 9 Твит 0
  • 2019 жылдан бастап ҰБТ қаңтар айында өтеді

    58 бөлісу
    Бөлісу 57 Твит 1
  • 2019 жылы ҰБТ төрт рет өтеді

    77 бөлісу
    Бөлісу 33 Твит 18
  • Туған сіңлісі Гауһардың арызданушыдан алған ақшасын қайда жұмсағанын айтты

    2 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 0
  • Сәбидің еңбегіне қарап қай жері ауырып тұрғанын білуге болады

    31 бөлісу
    Бөлісу 15 Твит 7
  • Әнші Бағлан ішіне кірген жыннан көрген қорлығы мен одан қалай құтылғанын айтты

    262 бөлісу
    Бөлісу 261 Твит 0
  • Бес қыздың өлімі: Балалар тұрған үйдің иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

    12 бөлісу
    Бөлісу 8 Твит 2
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

© 2018 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2018 KYN.kz - PINGVVIN Studio.