Понедельник, Февраль 18, 2019
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Масқара: Жұбаныш Жексенұлы қазақ шоу бизнесіндегі былықтың бәрін жайып салды

Әншінің сөзінше , елдегі телевизия саласы да, шоу бизнес саласы да ақсап тұр. Тіпті тыңдармандар мен көрермендердің деңгейі де тым төмендеп кеткен.

10.08.2018
0
Масқара: Жұбаныш Жексенұлы қазақ шоу бизнесіндегі былықтың бәрін жайып салды

«Жоғары жақтан тапсырма бар ма, жоқ шын мәнінде арнадағылар арзандады ма, өңшең өресіз күлдіргі, саяз сатириктердің заманы туды. Танымы бар, ой қозғайтын бағдарламалар жоқтың қасы. Ойын-сауық, бос даңғаза…

Сын айтсаң тағы, өкпелеп, жауығады… Өздеріне сенімді, ылғи «кәсіпқой». Үлкеннен имену, кішіден ұялу дегенді мүлдем білмейтін бір толқын келді. Соларды қоғам тағы, ұлықтап, қолдан «тұлға» жасауды әдетке айналдырған. Бір сөзбен айтқанда, Масқара!

Кім не істеп жүргенін өздері білмейді (әсіресе осы шоу бизнес, әннің айналасында жүргендер). Осыдан кейін әнші болғаныңа ұялып, арлана бастайсың…», — деп күйінген әнші қоғамның деңгейі тек өсек айтумен ғана шектелгенін айтты.

«Деңгейсіздік өте қатты белең алды… Осыдан біраз уақыт алдында Бибігүл Төлегенова апамызға инстаграмда өте сорақы пікірлер жазылды.. Сол кезде менің жалпы тыңдарманның ойлау деңгейі, мәдени деңгейі өте төмен екеніне көзім анық жетті.

Төмен бе, жоқ әлде мүлдем жоқ па? Көрген көз бен естіген құлақтан ұят. Айта берсең, мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге болады. Қауіпті!», — деп  әнші қазіргі өнер әлемін сипаттайды.

Сондай-ақ, Жексенұлы халықтың өзі той-томалақтан аса алмайтын әнші-сымақтарды көтермелеп, қолдан «жұлдыз» жасағанын айтады.

Айтатын әннің деңгейі той-томалақтың төңірегінде… Бірақ, образдары – ел мүддесін ойлап, шаршап жүрген тұлға! Өйткені ел, халықтың өзі сол әншісымақтарды қолдан «жұлдыз» етіп жіберді…

«Экранға елпілдеп, екі-үш рет шықса, мән-мағынасы жоқ «Бірлік болсын әлемде» дегенді аузы талғанша қайталағаннан басқа ешнәрсе айта алмаса да, аяғы талғанша секіре берсе, жетіп жатыр… Ертеңіне – «жұлдызсың».

Тіпті, сені одан кейін телеарналар мәнсіз, даңғаза шоу бағдарламаларына жүргізушілікке шақырады. Осындай, тек фонограммамен ғана елді алдап, ән айтатын, бірақ екі ауыз сөздің басын құрап, сөйлей алмайтын «әншілерді» жүргізушілікке шақырып жүрген «Еуразия-1» сияқты телеарналардың «талғамы» туралы не айтуға болады.

Арзан күлкілі сайқымазақтар мен дәлдүріш әншілердің қаптап кетуіне еш таңдаусыз, талдаусыз, талғаусыз, сүзгіден өткізбей-ақ, эфирге шығара беретін көркемдік кеңесі жоқ телеарналар мен радиолардың да үлесі зор.

Ең алдымен миллиондаған көрерменді аяу керек емес пе? Ұят тіпті…», — деп жазды Жұбаныш Жексенұлы.

Бөлісу18Твит5
Алдыңғы лауазым

Ақшасын жұмсап "тоналдым" деп арыз берді: Семейлік қыз құзырлы орган өкілдерін алдағаны белгілі болды

Келесі лауазым

Тәуекел жасқа қарамайды: Ақтаулық әжей өзінің 70 жылдық мерейтойына естен кетпес сый жасады (видео)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • Түс көру және оны жору

    Түс көру және оны жору

    2 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 0
  • Қазақстанда 2019 жылы бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақы қаншаға өскені анықталды

    42 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 9
  • Жүрек ауруларының көпшілік біле бермейтін белгілерінен хабардар болыңыз(фото)

    50 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 12
  • Айгүл Иманбаева өзіне аман- есен босануды тілеген халыққа алғысын айтты

    9 бөлісу
    Бөлісу 9 Твит 0
  • 2019 жылы ҰБТ төрт рет өтеді

    76 бөлісу
    Бөлісу 33 Твит 18
  • Әнші Бағлан ішіне кірген жыннан көрген қорлығы мен одан қалай құтылғанын айтты

    262 бөлісу
    Бөлісу 261 Твит 0
  • Сәбидің еңбегіне қарап қай жері ауырып тұрғанын білуге болады

    30 бөлісу
    Бөлісу 15 Твит 6
  • Туған сіңлісі Гауһардың арызданушыдан алған ақшасын қайда жұмсағанын айтты

    2 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 0
  • Бес қыздың өлімі: Балалар тұрған үйдің иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

    11 бөлісу
    Бөлісу 8 Твит 1
  • 2019 жылдан бастап ҰБТ қаңтар айында өтеді

    58 бөлісу
    Бөлісу 57 Твит 1
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

© 2018 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2018 KYN.kz - PINGVVIN Studio.