Понедельник, Февраль 18, 2019
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Нығматулин Абаевтың орынбасарынан толық жауап ала алмай, әбден «қинады»

Вице-министр халық санағына 100 пайыз дайын емес екенінін бірден мойындады

05.09.2018
0
Нығматулин Абаевтың орынбасарынан толық жауап ала алмай, әбден «қинады»

Дарын Тұяқов елді мекендерді телефон байланысымен қамтамасыз етуге қатысты сауалға нақты жауап беруден қашқақтай берді.

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқовтан нақты сұраққа нақты жауап беруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Теміржанов ақпарат және коммуникациялар вице-министрінен «Ұлттық халық санағына дейін, яғни  2019 жылдың қыркүйегіне қарай шалғай елді мекендер телефон байланысымен 100 процент қамтамасыз етіле ме? деген сауал жолдады.

«Үш жыл ішінде барлық елді мекен «Қазақтелеком» тарапынан байланыспен қамтамасыз етіледі. Сәуір айында ведомствоаралық комиссия өтіп, Қазақтелеком компаниясына тиісті жиіліктер бөлінді.

Тұрғын саны 50 адамнан асатын барлық елді мекен телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыс үш жыл ішінде жүргізіледі. Қазіргі таңда кесте жоспары әзірленді. Шалғай ауылдарда тиісті ақпарат планшетке енгізіліп, сол арқылы кезең-кезеңмен деректер базасына енгізіледі», — деді вице-министр Дарын Тұяқов.

Алайда мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ақпарат және коммуникациялар министрі орынбасарының жауабына қанағаттанбады.

«Дарын Шылбыұлы, презентация кезінде бәрін керемет етіп көрсетесіздер. Ал нақты бір нәтижеге келгенде, барлығы болашаққа ысырылады. Халық санағы жақындап қалды. Ұлттық санаққа дейін елді мекендер ұялы немесе телефон байланысымен 100 процент қамтамасыз етіле ме? Вице-министр Тұяқов жауап беріңіз?», — деп қайталап сұрады Нығматулин.

Вице-министр ведомство әзірлеген кестеге енген елді мекендер үш жыл ішінде телефон байланысына қосылатынын тағы бір мәрте атап өтті.

«Мұқият болыңыз, сізге нақты сұрақ қойылып отыр ғой. Депутаттың сұрағын қайталаймын: елді мекендер ұлттық халық санағына дейін телефон байланысымен қамтамасыз етіле ме?», — деді мәжіліс спикері.

«Санақ жүргізу уақытына дейін барлық елді мекенді жүз пайыз қамтамасыз етіп үлгермейтін шығармыз. Бірақ басым бөлігі қосылады», — деді әбден «қиналған» Тұяқов.

«Міне, алғаш рет батыл жауап. Сонда қамтамасыз ете алмайсыздар? Тағы бәрін планшетке ауыстырамыз. Әкімдер қызметкерлерін ертіп, үй-үйді аралауына тура келеді. Тағы соған келдік. Дарын Шылбыұлы, айтарыңыз бар ма тағы?», — деп сұрады мәжіліс төрағасы.

Вице-министр ұлттық санаққа дейін шалғай ауылдарды байланыспен қамтуға тырысатынын айтты.

«Тырысу керек. Сіздерде мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Тимур Мұратұлы (ұлттық экономика министрі – ред. ескерт.) барлық презентацияны үкіметте қараған жоқсыздар ма?

Халыққа дистанциялық әдіс үшін барлық жағдай жасалады деп айтып қойдыңыздар. Ал, қазір бәрі сөзінен тайып жатыр. Тағы планшет, тағы әкімдер аппаратымен бірге үй-үйге барады.

Ал вице-министр бүгін  халық санағына 100 пайыз дайын емес екенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл мәселені Үкіметте қарау керек. Кім бұл мәселеге жауапты болса, сол жауап берсін», — деп түйіндеді сөзін Нығматулин.

Read more: https://sputniknews.kz/society/20180905/7100279/parlament-nigmatulin-bailanys.html

Бөлісу3Твит1
Алдыңғы лауазым

Роза Рымбаева бетіне пластикалық ота жасатқаны жайлы ашық айтты

Келесі лауазым

Түркістан облысында 23 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • Түс көру және оны жору

    Түс көру және оны жору

    2 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 0
  • Қазақстанда 2019 жылы бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақы қаншаға өскені анықталды

    42 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 9
  • Жүрек ауруларының көпшілік біле бермейтін белгілерінен хабардар болыңыз(фото)

    50 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 12
  • Айгүл Иманбаева өзіне аман- есен босануды тілеген халыққа алғысын айтты

    9 бөлісу
    Бөлісу 9 Твит 0
  • 2019 жылы ҰБТ төрт рет өтеді

    76 бөлісу
    Бөлісу 33 Твит 18
  • Әнші Бағлан ішіне кірген жыннан көрген қорлығы мен одан қалай құтылғанын айтты

    262 бөлісу
    Бөлісу 261 Твит 0
  • Сәбидің еңбегіне қарап қай жері ауырып тұрғанын білуге болады

    30 бөлісу
    Бөлісу 15 Твит 6
  • Туған сіңлісі Гауһардың арызданушыдан алған ақшасын қайда жұмсағанын айтты

    2 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 0
  • Бес қыздың өлімі: Балалар тұрған үйдің иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

    11 бөлісу
    Бөлісу 8 Твит 1
  • 2019 жылдан бастап ҰБТ қаңтар айында өтеді

    58 бөлісу
    Бөлісу 57 Твит 1
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

© 2018 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2018 KYN.kz - PINGVVIN Studio.