Басылымның жазуынша, отандасымыздың тартымдылығы оның соққыларынан да жойқын болып тұр екен. Тараздық боксшы қыздың сұлулығына тәнті болғандар оның әлуметтік желідегі жанкүйерлерінің де күн санап өсіп жатқанын атап өткен.
Сондай-ақ, журнал Фируза Шәріпованың басты мақсаты — Олимпиада шыңнын бағындырып, жеңіске жету екенін де еске салған.
Айта кетейік, үздік ондықтан көрінген сұлу бойжеткендер қатарында Фирузаның қарсыласы, ресейлік Софья Очигава мен боксшы Светлана Кулакова бар.
Бұдан бөлек ең көрікті спортшылар тізімінен: ММА-лық Пейдж Ванзант, Александра Албу, Марина Мохнаткина, таиландтық боксшы Екатерина Вандарьева, еркін күрестен олимпиада чемпионы Наталья Воробьеваны көруге болады.