Пятница, Декабрь 6, 2019
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түсіктен қалған эмбриондардан жасартатын крем мен иммунитет көтеретін дәрумендер жасалады

Тіпті кей елдер анасы рұқсат берген жағдайда эмбрионды жеу үшін, оны уламай алудың жолын қолданады екен.

12.12.2018
0
Түсіктен қалған эмбриондардан жасартатын крем мен иммунитет көтеретін дәрумендер жасалады

Түсіктен қалған биоматериалдар қазір таза кәсіп көзіне айналған. Олардың бірі әйелдердің косметикасына айналса, енді бірі тіпті тағам ретінде пайдаланылатын көрінеді. Оны мамандар да жоққа шығармады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Қоғам белсенділері кезінде Голливудтың жұлдыздарынан басталған жаңа бизнес бүгінде ТМД елдеріне көшіп, Қазақстанда да кеңінен етек жайып жатқанын айтады.

Алайда министрлік түсіктен қалған эмбриондар өртеліп, арнайы жерге көмілетініне сендіріп отыр.

«Әрине, тақырыпқа үңілу үшін мен ғаламтордың көмегіне жүгіндім. Сонда биоматериал туралы ақпаратты көріп қалдым да жағамды ұстадым. Биоматериал кәдімгі бизнестің көзіне айналған екен.

Яғни түсіктен қалған қалдықты, дәлірек айтсам эмбриондарды косметалогияда кеңінен қолданады. Крем, сабын, тағы сол сияқты қымбат заттарға.

Ол үшін салмағы 500 граммға жеткен эмбриондардан бағаналы жасушаларды алады екен. Бұл тәжірибе Ресей, Украина және басқа да ТМД елдерінде кеңінен жайылған» — дейді қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова.

Отыз жыл тәжірбиесі бар гинеколог Ғалымжан Ғабдуллин бұрындары аборттан қалған материалдардың көздері жойылып келгенін айтады. Бірақ ол эмбрион жасушаларының медицинаға қажеттілігін де жоққа шығармай отыр.

«Эмбрионның жасушалары қажет. Бірақ оларды аса стерильді жағдайларда жинап, қолдану керек. Өйткені кейін ол адамның иммунитетін жақсарту үшін қолданылады. Әрине, мұның барлығы тек науқастың рұқсатымен ғана жүзеге асады», — дейді гинеколог Ғалымжан Ғабдуллин.

Түсіктен қалған биоматериалдар туралы ғаламторда да біраз ақпарат бар екен. Онда эмбрион жасушаларын жасартатын кремдерге, сабындарға қосатыны жазылған. Ал кей елдерде тіпті тағам ретінде қолданады екен.

«Бұрындары бағаналы жасуша адамды жасарту мақсатында қолданылатын. Ол батыстағы Голливудтан басталған. Әйелдер өздеріне эмбриондарды сіңіру арқылы терілерін тартып, барынша жас көрінуге талпынатын. Сондықтан, бағаналы жасушалардың пайдалы екенін жасыра алмаймыз. Оны эмбрионның жасушаларынан алады. Әрине, барлығы тек келісім арқылы заңды болса ғана» — гинеколог Ғалымжан Ғабдуллин.

Енді бұл мәселе ушығар болса, ақшаның соңына түсіп, түсік жасататын қыздар мен оған итермелейтін заңсыз топтар көбейіп кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Бөлісу2Твит1
Алдыңғы лауазым

ІІМ қазақстандықтарға 2019 жылы жеке куәлігін ауыстыру керектігін ескертті

Келесі лауазым

Ақтөбеде мемлекеттік қызметкер басшысының өзін қалай таяқтағанын айтып жұртты шошытты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • Cүт қатқан шайдың адам денсаулығына қандай зияны барын біле жүріңіз

    Cүт қатқан шайдың адам денсаулығына қандай зияны барын біле жүріңіз

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Жүрек ауруларының көпшілік біле бермейтін белгілерінен хабардар болыңыз(фото)

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Индира Расылхан алғаш рет күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты (фото)

    30 бөлісу
    Бөлісу 12 Твит 8
  • Аяқ пен қолдың үнемі мұздап, жылымауының өз себебі бар

    23 бөлісу
    Бөлісу 9 Твит 6
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    59 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    63 бөлісу
    Бөлісу 25 Твит 16
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio. ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio. ZERO.kz