Құрметті екінші анам ұстазым. Өмірге жол сілтеген қамқоршым. Сізге қанша алғыс айтсам да бізге берген тәрбиеңіз бен біліміңіздің, үлкен өмір мысалдарынан берген өнегеңіздің орнын толтыра алмаспы.

Білім саласы қызметкерлерін төл мерекелері — Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мерке. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты.

Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді.

Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығаййтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Бұл сіздердің Қазақстан азаматтарын өз елінің патриоты және тәрбиелі әрі жауапты адам етіп тәрбиелеп шығатындарыңызға сенімдіміз.

Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!

Талабыңмен танып білген ілімді

Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.

Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.

Жүрсің-дағы шәкіртке сыр үйретіп.

 

Жалқаулық пен еріншектік танытпай,

Жауһар білім іздетесің жалықпай.

Жетелетіп ізгілікке қадамын,

Жүрегіне білім құйдың баланың.

 

Келмесең де жасқа-дағы кемелді,

Еткен еңбек көпшілікке еленді.

Тек өзгелер қызығумен қарайды,

Бәйге-сында шаң қаптырдың талайды.

 

Өз ойыңмен ақыл-білім өлшеттің,

Шәкіртті де ізіңе ерген көрсеттің.

Біле білсек, ұға білсек жайыңды,

Көпке еңбегің қазірден-ақ жайылды.

 

«Жас — іске» деп, білім жолға сен келдің,

Жаңа заман бағдарын тез меңгердің.

Ғасырыңның құралы да шындығын

Саған ашты — қолыңда ойнап тұр бүгін.

 

Шындығында маманысың сен істің,

Қазірден-ақ тәжірибеңді бөлістің.

Сен бүгінгі жас ортаның өкілі,

Ізденуің — жемісіңнің кепілі.

 

Табыстарың табыспенен жалғасты,

Әр шәкіртің ғылымменен сырласты.

Сен оларға білім нұр боп ашылдың,

Ұстазысың алға апарар ғасырдың.

 

Талаптыға тағылады дүйім сын,

Дос сүйініп, дұшпандарың күйінсін.

Жая берсін қанат қағып өркенің,

Осы бақтың жығып алма желкенін!

 

Бағдарына айнала алған баланың,

Жас ұстазға үміт артты заманың.

Өзің жайлы берілетін баға көп,

Сен бүгінгі нағыз ұстаз — педагог!

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

Ұстаз,ұстаз!!! Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық. Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып. Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін, Тентектерді ақылмемен емдейтін, Болса дағы малға кедей өмірде.

Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін! Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!! Құрметті ұстаз қауымы!

Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.

«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Changed status to publish
Добавить комментарий