Баланың шашына сағыз жабысқанда ата-аналар бірден қайшыны алып, кесіп тастағысы келеді. Бірақ, оған асықпау керек. Шашты бүлдірмей-ақ кетірудің бірнеше жолы бар.

Ең оңайы кез келген үйдің асханасынан табылатын кәдімгі өсімдік майын сағыз маталған шашқа жағасыз. Сағыз бірден домалап іри бастайды. Қолмен ұқалап отырып, оңай ғана ажыратып алуға болады.

Жержаңғақ пастасы мен өсімдік майы Егер шашқа жабысып қалған сағыз кеуіп, қатып қалмаса оны жержаңғақ пастасымен оңай кетіруге болады. Оны тіс щеткасы арқылы жағу керек. Сағыз оның әсерінен жабысқақтығынан айырылып, сұйық бола түседі. Сосын тарақпен тарай салсаңыз кетіп қалады. Бұдан кейін шашты жуу керек.

 

Changed status to publish
Добавить комментарий