Түйіндеме дайындаған кезде көп жазып, артық сөйлеп қоюдан аулақ болыңыз. Себебі қазір барлық адамда уақыт тапшы. Көп жағдайда жинақы әрі нақты жазылған түйіндемеге жұмысқа алушы тез шолу жасайды. Әрі қажетті адам жайлы қысқа әрі нұсқа ақпараттанып, жылдам шешім қабылдауына өзіңіз көмектесесіз.

Негізі түйіндеменің басты мақсаты жұмысқа тұрушының  жұмысқа қабылдаушыға өзі жайлы мейілінше нақты және толық ақпарат беру. Төменде көрсетілген түйіндеме шағын ғана және өте қарапайым. Жұмыс түріне қарай түйіндеме де әркелкі болуы мүмкін. Әдетте, мемлекеттік мекемелерге белгілі бір стандарттарға сәйкес түйіндеме беру керек.

Ол қысқа да нұсқа, маңызды деген ақпарат белгіленген, кейде сурет пен мақтау қағаздары, сертификаттар, ұсыным хаттарымен қоса жүреді. Түіндемеге қарап жұмысқа қабылдаушы жұмыскер жайлы ой түйеді.

Сауатты, қатесіз, ұқыпты толтырылған түйіндеме кей уақыттары жұмысқа қабылдау жайлы шешімнің соңғы нүктесі болуы мүмкін. Креативті жұмыс орнына орналасатын адамдар (дизайнерлер мәселен) өз түйіндемесін қолы келгенше ерекше етіп безендірсе болады. Мысалы түсті қағаз, әдемі шрифт деген секілді. Бірақ, мұнда да асыра сілтеушілік болмау керек. Іске сәт!

Резюме Аты-жөнi: Анар Ернарқызы Ахметова

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы 15 үй, 33 пәтер

Телефон: 8 (7172) 45-96-73;

ұялы телефон: 8 775 126 49 56

Е-mail : anarernar@Gmail.com

Жалпы ақпарат Жұмыс тәжiрибесi: “Аймаусым” ЖШС, 2007 – 2008 жыл, Астана қаласы. Бухгалтер “Қайсар” АҚ, 2008- осы күнге дейін, Астана қаласы. Бас бухгалтер.Бiлiмi: – Орта 1989 – 2000 жж. – №12 орта мектеп – Жоғары: 2000-2004 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – бухгалтер, бакалавр. 2004-2006 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – экономист, магистр Тiлдi бiлуi: Қазақ тілі – ана тілі Орыс тілі – еркін Ағылшын тілі – еркін Компьютердi игеруi: 1 C бухгалтерия, Microsoft Office, Enternet

Explorer Жеке қасиеттері: ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады. Қосымша ақпараттар: Көлік жүргізуші Халықаралық бухгалтерлер конгрессінің қатысушысы Құштарлығы: Тілдер үйрену Кітап оқу саяхат жасау

Changed status to publish
Добавить комментарий