Қыс келді міне өмірге,

Жаңа жылменен бірге.

Жаңа жылдың қызықтары,

Сыйлық әкелді бізге!

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады.

 

Аппақ қар да жауады,

Ақ мамыққа толады,

Аяз ата келеді,

Сыйлықтарын береді.

Аққала – ақ бала

Аққала мен ақ бала,

Сырғанайды сырғанақта.

Жаздым тақпақ бәріне,

Ақ қыс сұлу ақ өлең.

Ақ бала жасады аққала.

Ақ қар жатыр далада.

Көңілді қыс!

Балалар шықты далаға,

Ойнап, күліп жүр енді.

Шаналармен озады,

Аққаланы соғады.

Қыста қармен ойнаймыз,

Қызыққа біз тоймаймыз.

Таудан төмен сырғанап,

Шаңғы,шана тебеміз.

Фариза Оңғарсынова — Қырдағы қыс

Түнімен долы дауыл құрыстаған
секілді арыстандай жыны ұстаған.
Жамылып ақ көрпесін енді ғана
маужырап байтақ дала тыныстаған.

Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ,
іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ.
Мәз болып жас баладай, айналаға
қарайды әр бұтадан күн жылтырап.

Changed status to publish
Добавить комментарий