Әр әйел өзіне сыйланған гүлдің ұзақ  тұрғанын, әдемі болып көз қуанышына айналғанын қалайды.

Гүлді дұрыс сақтауды білсеңіз сыйланған гүл бір айға дейін тұруы мүмкін. Әсіресе раушан гүлдері шыдамды келеді.

Міне сізге гүлді ұзақ сақтаудың бірнеше нұсқасын ұсынамыз:

Суға салмас бұрын гүлдің су тиетін бөлігіндегі жапырақтарын алып тастаңыз. Себебі ол суда шіріп, гүлді тез құртуға әсер етеді.

Гүлдің суға салынатын бөлігіндегі сабағын аздап кесіп содан кейін барып суға салыңыз. Себебі, қураған бөлшек гүлдің бойына суды толық тасмалдай алмайды.

Гүлді суға салар кезде үй температурасындағы суға салыңыз.

Гүл ұзақ тұру үшін бір литр суға жиырма, отыз грамм қант салуға болады. Немесе бір литр суға  бір асқасық сірке қышқылын қосасыз.

Су тез бұзылмас үшін гүл салынған суға бір аспирин таблеткасын салып жіберіңіз. немесе арақ және квас құюға болады.

Егер гүл арнайы химиялық қоспалар көмегі арқылы өсірілген болса оған ағартқыш қосуға болады.

Гүлді күн түспейтін жерге қойған дұрыс.

Changed status to publish
Добавить комментарий