0 комментариев

Бризольдің рецепті оңай.

Қажетті заттар:

  • тартылған ет – 500 г;
  • жұмыртқа – 6 дана
  • майонез – көз мөлшермен
  • кетчуп – өз қалауыңызға орай көз мөлшермен
  • сарымсақ (чеснок) – 1-2 тісше;
  • өсімдік майы – 3-4 ас қасық;
  • тұз, бұрыш – қалауыңызға қарай
  • Қияр–  бір дана
  • Қызанақ–  бір дана

Дайындалуы:

Етті бірдей етіп алты бөлікке бөлеміз. Әр бөлігін жеке кесеге салып қалауыңыз бойынша бұрыш, тұз, бір дана жұмыртқа қосасыз. Жақсылап араластырып, қоспалар салынған етті құймақ секілді тапаға бөлек пісіріп аласыз. Оған дейін дөңгелеп піскен еттің ішіне салатын масалықты әзірлеп қоямыз.

Ол үшін қияр мен қызанақты майдалап тураймыз. Оған кетчуп пен қызанақты араластырып, сарымсақты майдалап үккіштен өткізіп саламыз.

Құймақ сияқты піскен етті суытып алмастан, тападан алынған бетте тегіс тәрелкеге қойып, ішіне қияр мен қызанақтан жасалған масалықты салып орап аламыз. Асыңыз дәмді болсын.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий