«Апельсин» салаты
Қажетті заттар:
- тауық еті — 300-350 г
- ірімшік — 150 г
- маринадталған саңырауқұлақ — 150-200 г
- жұмыртқа — 4-5 дана
- сәбіз — 2 дана
- пияз — 2 дана
- сарымсақ (талғамыңыз бойынша) — 2-3 тісше
- өсімдік майы
- майонез, қаймақ — 250 г
Дайындалуы:
- Сәбізді жуып, дайын болғанша пісіреміз. Тауық етін де пісіріп аламыз. Ұзыншалап тураймыз.
- Жұмыртқаны пісіріп аламыз. Сарысы мен ақуызын ажыратамыз. Үккіштің ұсақ көзінен өткіземіз. Пиязды майға қуырамыз.
- Сәбіздің үштен бір бөлігін пиязбен араластырамыз. Саңырауқұлақты ұсақтап турап, ірімшікті үккіштен өткіземіз.
- Ыдысқа тағамдық өнімдерді қабаттап саламыз. Әр қабатын салған соң майонез жағамыз.
- 1-қабат — қуырылған пияз бен сәбіз. 2-қабат — ет. 3-қабат — ірімшік пен жұмыртқаның сарысы. 4-қабат — саңырауқұлақ. 5-қабат — ақуыз.
- Салаттың бетін сәбізбен апельсин тәрізді етіп әрлейміз.
«Жаңа жылдық шырша» салаты
Қажетті заттар:
- банан — 350 г
- мандарин — 200 г
- киви — 350 г
- йогурт — 170 г
- бал — 10 г
- күнжіт — 10 г
Дайындалуы:
- Банандарды қабығынан тазалап, дөңгелекшелеп тураймыз. Шыршаға жұлдызша жасау үшін бір дөңгелекшені алып қоямыз.
- Мандариндерді қабығынан тазалап, бөліктерге бөлеміз.
- Шұңыл ыдысқа йогурт құйып, бал қосамыз да, араластырамыз.
- Жалпақ ыдысқа кезектеп банан мен мандариндерді қоямыз. Жеміс пирамидасын жасаймыз.
- Жемістерге ақырындап йогурт құямыз. Жан-жағына йогурт жағып шығамыз.
- Кивиді тазалап, дөңгелекше етіп тураймыз.
- Кивимен шыршамыздың бетін сәндеп жабамыз.
- Бананды күнжітке аунатып алып, тіс тазартқыш таяқамен шыршаның төбесіне бекітіп қоямыз.
- Жеміс шыршасына күнжіт себеміз.
«Сағат» салаты
Қажетті заттар:
- тауық еті — 450 г
- жұмыртқа — 3 дана
- ірімшік — 150 г
- көк пияз — 1 орам
- асбұршақ — 250 г
- тұздалған қияр — 3 дана
- майонез
- тұз, бұрыш
- зәйтүн, сәбіз — әрлеу үшін
Дайындалуы:
- Асбұршақтың суын төгіп, ыдысқа саламыз.
- Көк пиязды ұсақтап турап, асбұршаққа қосамыз.
- Оған майдалап туралған ірімшік пен қияр қосамыз.
- Тауық етін тураймыз. Оны да ыдысымызға саламыз.
- Жұмыртқаның ақуызы мен сарысын бөліп алып, сарысын ұсақтап тураймыз. Ыдысқа саламыз. Ақуызын әрлеу үшін алып қоямыз.
- Салатқа майонез, тұз, бұрыш қосамыз. Араластырамыз.
- Дөңгелек ыдысқа салатты салып, сағат тәрізді пішін жасаймыз.
- Ақуызды үккіштен өткізіп, салаттың бетіне себеміз.
- Зәйтүн мен сәбізден сандар мен сағат тілін жасаймыз. Салатымыздың бетін әрлейміз.
Redactor Изменён статус на опубликованный