«Цезарь» салатының рецепті
Қажетті заттар:
- бөлке нан — 200 г
- тауық еті — 300 г
- салат жапырағы — 1 орама
- пармезан ірімшігі — 50 г
- сарымсақ — 1 тісше
- зәйтүн майы
Соусы үшін:
- жұмыртқаның сарысы пісірілген күйде — 2 дана
- қыша — 2 шай қасық
- лимон шырыны — 2 ас қасық
- сарымсақ — 1 тісше
- сірке су 6% — 1 шай қасық
- зәйтүн майы — 100 мл
- тұз, бұрыш
Дайындалуы:
- Сарымсақты ұсақтап, 5 ас қасық маймен араластырамыз. 15 минутқа қалдырамыз.
- Бөлке нанды кішігірім текше етіп тураймыз. Сарымсақ қосылған майға сарғайғанша қуырамыз.
- Тауық етін кішігірім бөліктерге бөліп, тураймыз. Дайын болғанша қуырып, тұз, бұрыш қосамыз.
- Тұздығын әзірлейміз. Ол үшін Жұмыртқаның сарысын қышамен араластырамыз.
- Ұсақталған сарымсақ қосамыз.
- Сірке су мен лимон қышқылын қосамыз.
- Мұнан кейін май қосып, араластырамыз. Талғамыңыз бойынша тұз, бұрыш қосамыз.
- Ірімшікті үкішштің ұсақ көзінен өткіземіз.
- Салат жапырақтарын қолмен бөлеміз. Тәрелкеге қойып, үстіне қытырлақ нан мен тауық етін саламыз.
- Мұнан соң соусын құямыз да, ірімшік себеміз.
Redactor Изменён статус на опубликованный