Адам түсінде көптеген жағдайды өмірде қатты уайымдаса соны түні бойы миы тынықпай түсіне жалғастырып жіберуі әбден мүмкін.Кез келген адамның санасы мен бейсанасының болатынын бәріміз білеміз. Бейсанамыз түстеріміз арқылы бізбен сырласады. Мысалы, сіз түсіңізде өзіңіздің некесіз жүкті болып жүргеніңізді көрсеңіз, бұл өңіңізде орындалуы мүмкін. Яғни бейсанаңыз сізді сақтандырып жатыр. Ал егер күндіз құрбыңыздың немесе өзіңіздің некесіз жүкті екеніңізді біліп, артынша осы түсті көрген болсаңыз, сіз жай ғана қатты қорқып қалғансыз. Қазақ қоғамы үшін некесіз жүкті болу өте ұят. Бірақ, қорқынышымыздың – біздің қалауымыз екенін ұмытпаңыз. Яғни сіз бейсаналы түрде біреуден некесіз жүкті болуды қалап жүрген сияқтысыз. Жалпы мұндайда психоаналитик мамандарға жолыққан жөн. Немесе түсіңіздің толық нұсқасын осы жерге жазыңыз, бірге талдайық.
Үйіме шетелдегі оқудан демалуға келіппін. Үйге келгенімде аяғым ауыр екенін сезінем. Және ол шетелдік жігіттен деппін. Ішімді ұстасам, сондай жұмсақ, жағымды, қуаныш сезімін ұялатады. Ана бақытын сезінетіндеймін. Бірақ өзіме көңілім толмайды, “неге мен бірінші тұрмысқа шықпадым, сосын баланы дүниеге әкелмедім?” деп. Және айналамдағы адамдар да маған менсінбеушілікпен қарап, “сенің аяғың ауыр, жасыруға тырыспа” деп күліп жатыр.