Бұл ойынның екінші бір түрінде екі атты адам арасы 40-50 адымдай екі көмбеде тұрып, ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін біріне-бірі қарама-қарсы шабады. Ойынның шарты бойынша, кездескен жерде бірін-бірі аттың үстінен жұлып алып түсуі керек. Қайсысының денесі жерге тисе, сол ойыншының ұтылғаны. Мұнда тоқтап тұрып аударысуға болмайды. Шауып өткен бойда ғана бірін-бірі аттан аударып түсіруі керек. Бұлай істей алмаған жағдайда, ойыншылар сол шапқан бетте көмбеге барып, ойынды қайта бастайды
Аударыспақ – ат үстіндегі күрес ойыны. Ортаға шыққан екі ойыншының мақсаты – ат үстінде күресе жүріп, бірін-бірі аттан аударып тастау, болмаған күнде аттың үстінен қарсыласын жұлып алып, жеңілгенін мойындату. Қазақша күрестегі сияқты, аударыспақта да жасының, салмағының ерекшелігіне қарамайды, оған тек өздерінің білек күшуне сенушілер шығады.