0 комментариев

1990 жылдың жазында “Азат” азаматтық қозғалысы құрылды. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді.

“Азаттың” бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы – съезд, 300-ден астам мүшелері бар.

“Азат” басқа елдердегі осындай қозғалыс ұйымдары мен тікелей байланысты. “Азат” газетін шығарады, “Қазақ тілі” қоғамымен тікелей байланыста.

“Азат” қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты – толық саяси-экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік жөне демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материалдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий