0 комментариев

1. Бет терісін қорғаңыз.

Ең алдымен майлы бет терісінің иелері өздерін күн сәулесінен қорғауы керек. Міндетті түрде күннен қорғайтын крем пайдаланған жөн. Егер күні бойына күннің астында жүруге тура келсе, әр үш сағат сайын бетіңізді тазалап күнге қарсы кремді қайта жағып отырыңыз. Одан бөлек, бетіңізге сәуле түсірмейтін бас киім киіп алыңыз.

2.Апта сайын маска.

Байқасаңыз, майлы беттегі тесіктердің көлемі ұлғайып кетеді. Негізі ол тесіктердің ұсақ болып, сырт көзге білінбегені абзал. Ол үшін саз балшықтан жасалған маскаларды жиі қолданыңыз. Ондай маскалар қабынуды басып, беттің терілерін тарылтады.

3.Ұқыпты тазалық.

Бетті уақытымен тазартып тұрған жөн. Тазартудың қандай тәсілдері бар екенін өткен жолы айтқан болатынбыз. Өзіңіздің күн сайынғы күтіміңізден бөлек, кемінде айына бір рет косметолог маманға көрініңіз. Олар бетіңіздің терісін кәсіби тазартып бергеннен кейін, келеңсіздіктер азаятын болады.

4. Сапалы косметика.

Бетті кез келген қоспамен жуып, кездескен бояуды қолдана беруге болмайды! Алдымен, құрамына қарап сізге кері әсер ететін элементтер жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Жалпы майлы беттерге құрамы жеңіл кремдер, маскалар пайдалану кеңес етіледі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий