0 комментариев

Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған “дала философы”, осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін “қайғы” сөзі қосылып аңыздалып кеткен.

Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады.

Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асан қайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды.

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғ.а. – 15 ғ.б.) – мемлекет қайраткері, ақынжырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына ҚырымҚазанӨзбек хандықтары пайда болды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий