0 комментариев

1.Британдық патша отбасының тарихы жүздеген жылдардан бері әлі жалғасып келеді. Бірақ бүгінгі күні монархтың рөлі бұрынғы мағынасын жоғалтты. Бүгінде патша отбасы тек делегацияларды қабылдап, керемет көрініп қана жүр.

Дегенмен, монархты мүлдем пайдасыз деп айтуға болмайды. Мысалы, қазіргі патшайым Елизавета II министрлерді тағайындауға және алып тастауға, төлқұжат беруге және тіпті соғыс жариялауға құқылы. Дегенмен, егер патшайым шынымен де Францияға шабуыл жасамақшы болса, қазіргі премьер-министр бұған жол бермейді. Ал соңғы шешімді әрине, премьер-министр қабылдайды.

2.Ресми түрде, Ұлыбритания азаматының төлқұжаты патшайымның атынан шығарылып, беріледі. Сондықтан, патшайымға оның мүлде қажеті жоқ. Керек десеңіз, Елизавета II патшайымда төлқұжат та жоқ, ол оған мұқтаж емес.

Ал, ол кез келген жерге барғанда, демалысқа емес «дипломатиялық миссиямен» барады. Сондықтан, ол қалаған жеріне кедендік бақылаудан жүктерін тексертпей-ақ, паспорттық бақылаудан өтпей-ақ бара алады. Бірақ патша отбасының қалған мүшелеріне ондай жеңілдік жоқ. Оларда басқа азаматтар секілді төлқұжат болуы керек. Сондықтан болар патшайым саяхаттағанды жақсы көреді.

3.Елизавета ІІ патшайымның нақты күші болмағанына қарамастан, ол жердің алтыдан бірі бөлігіне ие. Британиядан басқа 30-дан астам басқа мемлекеттер мен аумақтар ресми түрде патшайымға тиесілі. Соның ішінде Австралия, Ямайка және үлкендігі бойынша әлемдегі екінші ел Канада. Ол осы елдерді ресми түрде ғана иеленгенімен, оларды басқармайды.

4.Көптеген елдерде жылқы етін жеу үйреншікті жағдай болса, бірақ Ұлыбритания оны тұтынуға мүлдем қарсы. 2013 жылы елде сиыр етінің орнына жылқы еті қосылған гамбургерлер сатылғанда үлкен шу шықты. Бүкіл халық жылқы етін тұтынуға қарсылық көрсетіп, назарылық білдірді. Тіпті, осындай бұзушылықтармен күресу үшін әр ат, пони, қашыр және зебрада жарамдылық мерзімі өтпеген төлқұжаты болуы тиіс. Сол құжатқа сәйкес жануар иелері оларға қамқорлық көрсетулері керек. Осылайша, британдық заңнама азаматтары тұтынатын азық-түліктерді олардың мәдени дәстүріне жатпайтын элементтерден қорғайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий