0 комментариев

Қазақстан республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызмет жолы мен өмірінен, отбасы мен Қазақстан үшін жасаған еңбектерінен KYN.KZ ақпарат агенттігі тың деректерді ұсынады.

1 желтоқсан жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатыныңтолық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды.

Қазақстан Республикасының алғашқы президенткүнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңмемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Мейрамның шығу тарихы:

Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды.

Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевалғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.

Отбасылық жағдайыЖұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар: Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ “Хабар” Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы. Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий