0 комментариев

Бүгінде кірпікті қалпына келтіру, өсіру үшін түрлі әдістермен тәсілдер бар. Бірі дәріханадан шаш пен тырнаққа арналған дәрумендер ішу арқылы кірпігін қалпына келтірсе, енді біріміз түрлі өсімдік майларын жағу арқылы әдемілене түсеміз.

Жақпа майларының ішінде кірпік үшін ең пайдалысы : Ошаған майы (репейное масло), оспа шөбінің майы, жаңғақ майы, майсана майы (касторовое масло).

Бұларды қолдану әдісі: Күнделікті кешкісін көз айналасын жақсылап жуасыз. Құлақ тазалайтын мақтамен кірпіктің түбіне осы майды жағып қоясыз. Бұл майларды өз ара бір бірімен араластырса да болады. Жеке өзін жақса да болады.

Емнің бұл түрін екі-төрт апта үзіліссіз жасауға болады. егер жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе арада он күн демалып алып, қайтадан қайталауға болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий