0 комментариев

ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР

Аяғы ауыр болғанын сезген әйел бұл жаңалықты туған-туыстарына неғұрлым кешірек хабарласа, соғұрлым жақсы. Өйткені, әйелге тіл-көз тигіш келеді.

Жүкті әйелге ұсқынсыз заттар мен дүниелерге, көріксіз адамдарға, сонымен бірге мәйтке қарауына болмайды.

Жүкті әйелдің кіндік шеше аталмағаны, суретке түспегені абзал. Іштегі бала өлі тууы немесе туған соң шетінеуі мүмкін.

Босану кезінде қиындық болады деп аяғы ауыр әйелдерге түйме қадауға немесе киім жамауға рұқсат етілмейді.

Жүкті әйелге бірдеңені майыстыруға немесе кесуге болмайды, ара, қайшы ұстатпайды. Әйтпесе мерзімінен бұрын босанады.

Екі қабат әйел керулі тұрған және шұбатылып жатқан арқаннан аттамайды. Бұлай істесе босанған кезде баланың кіндігі мойнына оралып, өміріне қауіп төнеді деп ырымдалады.

Жүкті әйел түйенің етін жемейді. Жесе юаланы он екі ай көтереді, толғағы қатты болады. Түйенің етін жеп, мезгілінде босана алмаса – сол үйдің төріне бураның бас сүйегін іліп қояды.

Екі қабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады.

әйео толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттар алынады. Сандықтардың аузын ашып қояды. Осылай істелсе толғақ жеңіл болады деп ырымдалады.

Әйел – ердің тәңірісі: жарата да алады, сүйдіре де алады, күйдіре де алады. (Мағжан Жұмабайұлы)

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий