0 комментариев

Сия дағын кетірудің мынадай бірнеше жолдары бар:

 

  • Жаңа тиген сия дақтарын кетіру үшін ерітілген мүсәтір спирті мен ас содасын (бір стақан суға 1-2 шай қасық) қолданады.
  • Сүтке батырылған шүберекпен жаңа тиген сия дақтарын кетіруге, айнаны, сурет рамасын, музыка аспаптарының пернелерін тазартуға болады.
  • Ашыған сүтті де қолдансаңыз болады. Дақ түскен киімді сүтке бірнеше сағатқа малып, кейін киімді мүсәтір спирті ерітіндісімен жуыңыз. Дақтың айналасында шеңберлер пайда болмасын десеңіз, матаның дақ түскен жерін жумас бұрын жіппен түйіп қойыңыз.
  • Сия дақтарын 1:2 қатынасындағы сірке суының ерітіндісімен кетіруге болады (жібектен басқа). Ерітіндімен дақ түскен жерді дымқылдатып, саусақпен сығымдайды. Қажет болса, қайталап, сумен шайыңыз.
  • Сіз бір құты зеленканы немесе сияны жылтыратылған ақшыл үстелге аударып алдыңыз делік. Оны дереу сорғызып алыңыз да, қалып қойған дақты қарындаш өшіретін кәдімгі өшіргішпен өшіріңіз, ол үстелдің жылтырын бүлдірмейді. Сия өшіретін өшіргіш бұған жарамайды, оны тек эмальданған заттардан кетіру үшін қолдануға болады.

Айтпақшы, үй жөндеу кезінде бетіңіз бен қолыңызға тиген бояуды жуудан бұрын, теріңізге қандай да болсын бір май жағып, біраздан соң ыстық сумен сабындап жууға болады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий