0 комментариев

Түнгі ұйқы. Пайғамбар (с.ғ.с) түннің бірінші бөлігінде кұптан намазынан кейін ұйықтаушы еді. Құптаннан алдын ұйықтағанды ұнатпайтын. Сосын түннің екінші бөлігінде тұрып намаз оқитын, қайта жататын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : “Алла Тағалаға ең ұнамды намаз Дәуіттің عليه السلامнамазы. Алла Тағалаға ең ұнамды ораза Дәуіт ғ с оразасы. Ол (Дәуіт عليه السلام )Түннің жартысына дейін ұйық тап, үштен бірінде құлшылық жасайтын да сосын алтыдан бірінде қайта ұйықтайтын. Және бір күн ораза тұтса, бір күн тұтпайтын [1]” – деген екен. Хадисте айтылған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ұйықтауы мен ұйқыдан тұру әдетiне зер салсаңыз дененің демалуына, ағза ның тыныстауына және күш – қуат жинауға ең тиімді әдіс екенін аңғарсыз. Бұл сергектікпен қатар мол сауапқа кенелтеді.

Қайлулә ұйқысы. Ал, күндіз пайғамбарымыз(с.ғ.с) ұйықтап алатын. Бұл ұйқыны “қайлулә” деп атайды. Қайлулә — күн тал түстен ауысқан шақ. Саһл бин Сағд (р.а): “Біз Алла елшісі(с.ғ.с) заманында түс ұйқымызды және түскi асымызды жұма намазынан кейін ғана орындайтынбыз[2]” – дейді.

Ұнамсыз ұйқы. Таң атқан соң күн найза бойы көтерілгенше ұйықтау сергектікке, ас қорыту, жүрек және жүйке жұмысына және де басқа денсаулыққа кері әсерлерi бар. Алайда, зәрулік жағдайда оқасы жоқ. Өйткені, бұл уақытта ұйықтауға қатаң тыиым жоқ. Кейбір сахабалар мен табиғиндер осы уақытта ұйықтағаны жайлы дерек бар. Сонымен қатар, күнмен таласып ұйықтаудың зияны жайлы да ескертілген. Аталмыш тақырыпқа байланысты риуаяттарға назар аударып көрейік:

Абдулла бин Аббас (р.а) баласының таңертең ұйықтап жатқанын көріп: “Тұр, ризық несібе бөліп беріліп жатқан уақытта ұйықтағаның не?! “- деген екен”.

Күндізгі ұйқы үшеу:

1.хулуқ,

2.хурақ

  1. хумқ.

 Хулуқ (қайлулә) — шаңқай түс уақытындағы ұйқы, бұл Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) әдебінен.

Ал, хурақ — таңертең күнмен таласып ұйықтау. Бұл дүние және ақырет ісінен шалғытатын ұйқы.

Ал, хумқ — екінтіден кейінгі ұйқы. Хумқ ұйқысы жайлы: “Екінтіден кейін ұйықтап, мазасыздық сезген адам өзінен көрсін “ – деген сөз бар.

Ұйқыға дайындық. Ұйқыдан алдын жеңіл – желпі дәрет алу сүннет. Бірақ, міндет емес. Дәретпен ұйықтаған адам жайлы : ” Кімде – кім пәк болып (дәрет алып) ұйқыға кетсе, түнімен оның жанында бір періште тұрады. Ол періште : “Уа, Алла! Пәленше құлының күнәсін кешір, ол пәктенiп ұйықтады [3]” – деп истиғфар айтады.

Жеңіл – желпі дәрет алу дегеннің мағынасы: “Дәретте жуылған әрбір мүшені бір реттен бірақ кәміл ету жуу[4]” – деп түсіндіріледі.

Ұйқы алдындағы дұға. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): “Егер төсек орныңа келсең намазға арналған дәретті ал да, оң жақ жазбасыңа жатып:

Аллоһумма асләмту уәжһи иләйкә уә фәууадту әмри иләйкә уә әлжәту зоһри иләйкә роһбәтән уә роһбәтән иләйкә лә мәлжә уәлә мәнжә минкә иллә иләйкә әмәнту би китәбик әлләзи әнзәлтә уә бинәбиикә әлләзи әрсәлтә”, – деп айт.

Мағынасы:

Аллаһым! Өзімді Саған тапсырдым, барлық ісімді өзіңе табыстады. Арқамды Саған сүйеймiн. Сенен қорқып һәм талпынып. Сенен құтылатын және пана болатын тек қана Өзіңсiң. Мен түсірген кітапқа иман еттім. Сен жіберген елшіге иман еттім. ” Егер сол түні көз жұмсаң ( қайтыс болсаң) иманмен кетесiң, сондықтан ең соңғы айтқан сөздерің осы болсын [5]” – деген.

Оң жақпен ұйықтау сүннет. Хадисте оң жақ жазбасыңа жату айтылған. Бұл өкпе мен жүрекке пайдалы. Ұйқыдағы адамға жүректің қысылмауы аса маңызды. Жүрек кеуденің сол жағында орналасқандықтан оған салмақ түсіргендiктен адам ағзасының дұрыс демалуына мумкіндік бермейді.

Жағымсыз жатыс. Iшпен жату макрук. Осылай жатуды әдеткен айналдырған адам бұл теріс қылығынан арылғаны абзал. Өйткені, Тухфат бин Қайс әл – Ғифари:

“Мен сәресі уақытында мешітте қарныммен жатқан едім. Кенет бір кісі аяғымен мені түрттi де: “Мына жатыс Алла Тағаланы ашуландырады” – деді. Қарасам : Алла елшісі екен [6]” – деген.

Әбу Һурайра риуаяты:

“Алла елшісі қарнымен жатқан адамды көргенде: “Бұл жатысты Алла Тағала жақсы көрмейді [7] ” – деген.

Қорыта айтқанда, түнде кұптаннан кейін ұйықтаған жөн. Түнгі ұйқы 6 – 8 аралығында болған жөн. Жатар алдында дәрет алып, дұға оқып жатқан жақсы. Оң жақ жазбасыңа жатады әдетке айналдырыңыз. Таңертең және кешке күнмен таласып ұйықтамаңыз.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий