0 комментариев

Қимыл-әрекетті білдірумен бірге есім сөздің де белгілерін білдіретін етістіктің түрі есімше деп аталады: көрген кісі, алған адам, оқылатын кітап, кірер есік, естір сөз, айтылмақ сөз т.б.

Есімшенің жұрнақтары :

1) –ған,-ген, -қан,-кен: жазған, көрген, айтқан, өткен т.б .

2) –ар,-ер,-р,-с: жазар, берер, сөйлер,айтпас, бермес т.б.

3) –атын, –етін,–йтын, йтін: қалатын., көретін, қарайтын, тілейтін т.б.

4)—мақ,–мек,–бақ,–бек,–пақ,–пек: тындамақ, естімек, қайтпақ, кетпек, жазбақ, кезбек т.б.

Есімше заттың белгісін білдіргенде, сөйлемнін анықтауыш мүшесі қызметін атқарады: Естілген сөздің жалған болуы мүмкін. Көрген көзде кінә жоқ.

Есімше шақтық көрсеткіш қызметін атқарады,бұл қызметте ол жіктеледі, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімшеге жіктік жалғауды толық түрі жалғанады. Мысалы, Мен оқуды былтыр бітіргенмін.

Есімшенін жіктелу кестесі .

Жекеше

Мен барғанмын, көретінмін, келермін, айтпақпын

Сен барғансың, көретінсің, келерсің, айтпақсың

Сіз барғансыз, көретінсіз, келерсіз, айтпақсыз

Ол барған , көретін, келер, айтпақ.

Көпше

Біз барғанбыз, көретінбіз, келерміз,айтпақпыз

Сендер барғансыңдар, көретінсіңдер, келерсіңдер, айтпақсыңдар

Сіздер барғансыздар, көретінсіздер, келерсіздер,айтпақсыздар.

Олар барған,көретін, келер, айтпақ.

Есімше сөйлемде заттық мағынада қолданыла алады. Заттанған есімшелер зат есімше түрленіп, көптік,тәуелдік,септік жалғауларын қабылдап, бастауыш, толықтауыш қызметінде қолданылады. Мысалы, Көрген жалған емес . Оқығанды көнілге ықыласпен тоқылық.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий