0 комментариев

Жылайды ару айлы түннің астында
Көздерінен таусылмай жас ақтыда
Жылайды ару жылайды ару неліктен
Ғашықтардын тағдыры сонша қаттыма

Жылайды ару көздің жасын тыйалмай
Жылайды ару сүйген жанды кыйалмай
Қатал тағдыр айырғынға сене алмай
Сүйген жары өтті өмірден бақытында көралмай

Сұм ажалдың жылатқаны аудың
Тағдыр неге соншалықты ауыр мұң
Ғашықтарға сыиладыңау қайғы түн
Махаббатың жібін мәңгі айырдың

 

Кешкі ода Сенің ернің – пейіштегі гүл сынды,

Демің сенің – сездіреді тылсымды…

Көзің сенің – Ай жұтылған түн сынды,

Сезім неге мөлдіреген мұң сынды?..

 

Қара шашың – Қара теңіз толқыны,

Қарашығың – мен адасар жол түбі…

Жүрегіңе сезіле ме, тыңдашы,

Сені аңсаған жүрегімнің солқылы?!

 

Саусақтарың – жапырағы қайыңның,

Қауырсынның сәулелермен ойыны…

Жанарыңда жасырулы мың жұмбақ,

Көзқараста періштенің пайымы…

 

Қасың сенің – иілген адырнадай,

Сабырың ше? Құламас қабырғадай!

Кірпіктерің өрнек салар құбылған,

Әр өрнекте тығылған Тәңір бардай!

 

Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,

Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.

Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,

Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!

 

Бар өмірің мен үшін – жарық шашқан,

Төбемдегі жайқалған алып Аспан!

Бітсе менің өмірім жер бетінде,

Құстай болып көрінер жаным ұшқан.

 

Ұшса егер құс-жаным сағым құшқан,

Ұшса ұшар, бесауат сабылыстан.

Кетсем егер, кетермін бұл жалғаннан,

Саған деген өртенген сағыныштан!

 

автор: Ақберен Елгезек

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий