0 комментариев

Адамның беті мен терісі, шашы мен тісі мінсіз болса ол адамның асты талғап, таңдап, денсаулыққа пайдасы зорын таңдап ішетінін білдіреді. Тамақ ішу үшін емес, өмір сүру үшін тамақтану қажет деген қағиданы ұстанатын адамдар ұзақ әрі әдемі жасайды. Сондықтан, әдемі болу үшін қандай тағамдарды тұтыну жөн екенін біле жүріңіз.

Ғалымдардың пікірінше асқабақ дәндері безеудің алдын алуға таптырмас көмекші. Бұл пікірді «Же, іш және жақсара түс» кітабының авторы, диетолог Эстер Блум растап отыр. Асқабақ дәндерінің құрамында мырыш кездеседі. Ал ол өз алдына безеу мен бөртуді емдеуде қолданылады.

Мырыштың жетіспеуінен бетке безеу, бөртулер шығып кетеді. Күніне 2 рет тазартылған асқабақ дәнін жеп тұрсаңыз, безеудің алдын аласыз және емдейсіз.

Тамақ мәзіріне екпе шиырмақ кіретін болса, бетіңіз жасарып, ажарлана түседі. Екпе шиырмақтың құрамында ісінуді басатын антиоксиданттар мен темір бар.

Күніне бір алманы жеп тұру әдеті тіс дәрігеріне жиі бармаудың кепілі бола алады. Себебі алманың тісті дақтардан тазартатын қасиеті бар.

Көз ауруының алдын алу үшін ғалымдар саумалдық жеп тұруға кеңес береді. Оның құрамында лютеин бар. Саумалдық шаршаңқы күйді таратып, көздің ағына табиғи түсін қайтарады. Күніне 1-2 стақан саумалдық жапырағын жеп тұру жеткілікті.

Бұрымыңыз көз тартарлық болсын десеңіз, тағам мәзіріне жасыл бұршақты қосу керек. Ғалымдардың пайымдауынша, оның құрамында кремний көп. Зерттеу нәтижесі бойынша, бұршақты көптеп жеу шашты қалыңдататы. Сондай-ақ оның шаш үшін емдік қасиеті де мол.

Ағылшын ғалымдары терінің қызарып, қабыршақтануын зығыр дәні жақсы емдей алатынын анықтады. Олардың құрамында теріні ылғалдандырып, жұмсартатын омега-3 қышқылы бар. Зығыр дәндерін йогуртке, печенье қамырына немесе салатқа да қосып, жеуге болады.

Ғалымдар 40 жасқа келіп жас көріну үшін жиірек киви жеп тұру керектігін айтады. Бұл жемістің құрамында қартаю үдерісін бәсеңдетіп, коллаген өндіретін С дәрумені бар.

Тырнақты қатайту үшін жұмыртқа жеу керек. Аптасына бірнеше жұмыртқа жеп тұрсаңыз, тырнағыңыз мықтырақ болады. Жұмыртқаның құрамында тырнақтың қатты болуына жауапты биотин бар.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий