0 комментариев

Түнде аз ұйықтау салдарынан қан қысымы көтеріледі. АҚШ-тың Аризона университеті ғалымдарының зерттеу нәтижесі осындай, .

Зерттеуге жүрек сырқаты бар 21-70 жас аралығындағы 300 адам қатысқан. Олар екі апта бойы әр 45 минут  сайын қан қысымын өлшейтін арнайы құрылғымен жүрген. Түнде құралды білектеріне таққан. Ол ұйқы фазалары мен ұзақтығын есептеді.

Нәтижесінде нашар ұйықтаған адамдардың систолалық қысымы артқаны анықталды. Ал қан қысымының нормасы – 120/80 мм болып саналады. Сондықтан дәрігерлер тәулігіне 6-9 сағат ұйықтау керек деп есептейді.

Мамандардың айтуынша, ұйқы үнемі қанбаса, күйзеліс, инсулин деңгейінің төмендеуі мен жоғары қан қысымы болуы мүмкін. Мамандар бұл сырқаттардың алдын алу үшін түнде қараңғы бөлмеде ұйықтауға кеңес береді. Сондай-ақ, экраны жарық беретін смартфон сынды техниканы жатын бөлмеге қоюға болмайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий