0 комментариев

Тарихта кездесетін даталар, алуан түрлі есімдер мен жер-су атаулары бәрін де шатастыруы мүмкін. Дегенмен оларды оңай есте сақтаудың бірнеше жеңіл жолдары бар:

  1. Негізгі ұғымдармен, есімдермен және даталармен байланысты карточкаларды жасау

Тарихтан емтиханға дайындалу барысында көптеген сандармен қатар деректерді жаттауға тура келетіні белгілі. Бірақ оны жеңілдетудің ең тиімді тәсілі – карточкалар жасау.

Ол үшін оқулықтар мен конспектеріңізді бір қарап шығып, ішінен кілт-сөздерді таңдап алыңыз.

Енді осы сөздерден жеке бір параққа тізім жасап, әр сөзді әр карточканың бір жақ бетіне жазып шығыңыз. Ал карточканың екінші  бетіне  кілт сөзді түсіндіріп, мағынасын, мазмұнын кеңейтіп жазып аласыз.

  1. Жазбаларды жасау немесе оқу барысында ақпаратты дауыстап айту

Байқасаңыз, тақырыпты талқылап, тыңдағанда, оны ми жақсы қабылдайды және деректерді де жақсы есте сақтайды. Оқулықтықты оқып жатып та, тіпті қарапайым біз атап өткен карточкаларды жасағанда да мәтінді дауыстап, толық және анық  оқуға тырысыңыз.

Ақпаратты оқу барысында дауысыңызды  жазып алсаңыз да артық етпейді. Бұл сізге кез келген деректі қалаған уақытыңызда есіңізге түсіруге немесе қайталауға көп көмектеседі.

  1. Мнемоникалық тәсілдермен ақпаратты есте сақтау

Деректерді есте сақтау іш пыстырарлық болғанымен, оны қарапайым да, жылдам мнемоникалық әдістер арқылы қызықты іске асыруға болады. Мысалы, бәріміз білетін кемпірқосақтың түстерін еске сақтаудың үлгісін алайық: «каждый охотник желает знать, где сидит фазан».

Байқап қарасаңыз, әр сөздің бірінші әріпі бір түске сәйкес келеді. Ал сол түстерді сөйлемдегі сөздердің ретімен қойсаңыз кемпірқосақ түстерінің ретін аласыз.

Осы логикаға сүйеніп, тарихи есімдер мен оқиғаларды есте сақтауға болады.

 

 

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий