0 комментариев

Құранда: «Әйелдерге айт!… Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, … әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады…» делінген

Мұндағы «зейнет» сөзін имам былай түсіндіреді: «Әйелдер бөгде еркектердің алдында сәнді киініп, ашық көрсете алатын екі қолына жүзік тағуы,  бетіне бояу жағуы және көзіне сүрме тартуының оқасы жоқ. Бірақ, жасырын ұстауға тиісті сырғалығын, моншақтарын, кеудешігін және білезіктерін көрсетуге болмайды»

Яғни, хиджаб киіп жүрген қыздардың сұлулығын қорғап қалуы үшін немесе тұрмысқа шығуды мақсат етіп боянуы күнә емес. Алайда еркектердің назарын аудару үшін боянуы – шариғатта тиым салынған іс.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий