0 комментариев

Оңай әрі тез жасалатын “Оливье” салаты әр дастарханның сәнін келтіретіні анық.  Бүгін KYN.KZ сайты сізге Оливье салатының жаңаша түрде жасалатын құрамын ұсынбақ

Қажетті заттар:

1 дана сәбіз, 1 дана балдыркөк, 100 г жасыл бұршақ,  600 г картоп, 1 дана пияз, 4 дана тұздалған қияр, 4 дана жұмыртқа, 2 ас қасық майонез, 2 ас қасық қыша, тұз, бұрыш татымына қарай

Дайындалу тәсілі:

Сәбіз, балдыркөк, картоп және жұмыртқаны суға пісіріп аласыз. Суытып, қабығын тазалайсыз. Сосын барлығын төрт бұрыштап турап аламыз. Үлкендеу ыдысқа салып, йогуртпен майонезін, тұзын, бұрышын қосамыз. Қиярды да төрт бұрыштап турап, қосамыз. Жақсылап араластырып, бір сағатқа тоғазтқышқа қоямыз. Уақыты болғанда алып, дастарханға қоямыз.

Ас болсын!

Изменен статус публикации
Добавить комментарий