0 комментариев

Тырнақ саңырауқұлақшасы – бұл инфекциялық ауру. Ол қол мен тырнақтың айналасы мен үстіне шығатын саңырауқұлақ типтес өсіндімен сипатталады.

Ескіден келе жатқан емдік әдістің бірі-тұз бен қара майлы сабынды қолдану. Оны жүзеге асыру өте оңай. Сабынмен аяқты сабындап,тұзды себеді де сыртынан дәкемен орайды. оны алып тастаған соң сабынды сумен аяқты залалсыздандырып, құрғата сүртеді.

Балғын шетен жапырағымен жайлап сүртеді. Сосын жапырақты зақымдалған жерге жабыстырып, үстінен дәкемен орайды. Таңғышты күн сайын ауыстырады.

Бір тіс сарысамсақты езіп, 2 ас қасық сары маймен араластырады. Қоспаны ауырған саусақтарға жағады да, 1,5-2 сағат ұстайды. Мұны күніне 1-2 рет қайталайды. Ем уақыты: 1,5-2ай.

Пияздың да аяқ саңырауқұлағын емдейтін қасиеті бар. Күн сайын пияз сөлін аяққа жағып, кепкен соң жылы сумен шаяды.

Бұл емге құрғақ сүйелшөп ұнтағы мен дәріханадан йодинол қажет. Зақымдалған саусаққа осы қоспадан компресс жасайды. – күнде емнің нәтижесі байқалады. Йодинолды шәй ағашының майы немесе сіркесумен алмастыруға болады.

Марганцовка салынған суға алдымен аяқты булайды, сосын ара балауызы мен спирттен дайындалған ботқаны зақымдалған орынға жағады. Сыртынан дәкемен орап, келесі күні қайта жаңасымен ауыстырады.

Ем болсын!

Изменен статус публикации
Добавить комментарий