0 комментариев

Беттегі безеулер адамның іш құрылысындағы аурулардың бар екенін білдіретінін біріміз білсек, біріміз біле бермейтініміз анық. Олардың орналасқан бөлігіне қарап, қандай органда ақау бар екенін бірден білуге болады.  KYN.KZ сайты безеу неден шығады және оны кетіру жолдарын ұсынады.

1. Маңдайдағы безеу (қас үстінде).

Безеудің маңдайға шығуы ас қорыту жолдарындағы проблемаларды білдіреді. Бұл жерде асқазан ғана емес, ұйқы безі немесе өт жолы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Егер безеулер маңдайдың шашқа жақын бөлігіне қарай шықса, онда себепті өт жолдарынан іздеген дұрыс. Ал егер бөрткендер қасқа қарай жақындап шықса, ішек жолдарының өзінің қызметін дұрыс атқара алмай жатқанын білдіреді.

Яғни, сіздің тамақтану әдетіңізді қайта қарастыру қажет. Маңдайға безеу дәріні (дәрумендер, антибиотиктер, гормоналды дәрілер) көп қолданғаннан да шығуы мүмкін.

Сондықтан сіздің ағзаңыз өздігінен шығара алмайтын токсиндердің барлығы тері арқылы шығуға тырысады.

2. Кеңсірік үстіндегі безеулер (қастардың арасында).

Қастар арасындағы безеу көбінесе бауыр қызметінің нашарлауынан шығады.  Бауыр қызметінің ішімдіктің, майлы тағамның, сүт өнімдерінің  салдарынан нашарлайтынын білеміз. Сол себепті олардан бас тартуға тура келеді. Сондай-ақ құрамында ақуызы көп тағамдарды да уақытша қолданбауға тырысу керек. Сонымен қатар, үнемі дене шынықтырумен айналысып, ұйқыңызды қандыруға тырысыңыз.

3. Көздің айналасындағы безеулер

Көздің маңайына шығатын кез-келген бөрткендер де, көз астының ісуі бүйректе ақау бар екенін немесе ағзаға судың жетіспейтіндігін білдіреді. Сондықтан көбірек сұйықтық ішкен жөн.

4. Мұрын үстіндегі безеулер

Мұрын үстіндегі безеулер нені білдіреді деп сұрасаңыз, оған бір ғана сөзбен жауап беру мүмкін емес. Себебі беттің бұл аймағындағы безеулердің себептері әртүрлі болады.

Оның басты себептерінің бірі – терідегі майдың артуына байланысты мұрын үстіндегі тесіктер. Біздің мұрнымыз әрдайым ашық болатындықтан, оның үстіне шаң мен ауадағы басқа да қалдықтар түседі. Ал кейбір адамдар мұрнының үстінде қара дақтар пайда болады.

Екінші себебі — гормондық тепе-теңдіктің жойылуы. Бұл көбінесе жасөспірім кезде пайда болады.

Үшінші себеп — жүрек қызметінің нашарлауы. Мұрнының үстіне безеу шығатын адамдар өзінің артериялық қысымына және В дәруменінің деңгейіне көп назар аудару керек. Сонымен қатар холестерин мөлшерін де тексерту қажет. Оны ретке келтіру үшін, «нашар» майлардан бас тартып, балық, зығыр дәні, авакадо майы сияқты «пайдалы» майларға көшкеніңіз жөн.

5. Беттегі безеулер

Бетке шыққан безеулер тыныс алу жолдарындағы проблемалардың бар екенін білдіреді. Көбінесе, тері бөрткендері шылым шегетін адамдарда немесе аллергиясы бар адамдарда кездеседі. Сол себепті тәттіден бас тартып, күн сайын таза ауаға шығып, серуендеп тұрған жөн.

6. Ерін аймағындағы безеулер

Ерін маңайына безеудің шығуы ағзадағы гормондық өзгерістер немесе адамның күйзелісті бастан кешіргенін туралы білдіреді. Одан құтылу үшін дұрыс ұйықтап, көбірек су ішіп, көкөніс, жеміс-жидектерді көбірек қолдану керек.

7. Иектегі безеулер

Ас қорыту жолдарында, эндокринді жүйеде ақаулар болса, иекке безеу шығуы мүмкін. Сол себепті құрамында жасұнық бар азық-түлікті көп қолданған дұрыс. Шөптен жасалған шәйларды көбірек ішіңіз.

Осы аймаққа безеу шығудың тағы бір себебі – жыныс бездері қызметінің бұзылуы. Сондықтан гинекологқа қаралу да артық етпейді.

Сондай-ақ иектегі безеулер адамға суық тигенді, иммунитеттің төмендегенін де білдіреді.

Көптеген адамдар безеуден құтылу үшін қымбат дәрілермен, кремдер сатып алады. Негізі, безеуді үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау арқылы емдеуге болады. Үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау сіздің қаржыңызды үнемдейді. Үй жағдайында безеуге қарсы мынадай маскалар жасауыңзыға болады

Безеуге қарсы маскалар

1. Түрлі дәрілік өсімдіктерден безеуге қарсы әсерлі маска жасауға болады. Мысалы: 1 шай қасықтан түймедақ гүлін, жалбыздың жапырағын және көк шайды алыңыз. Қоспаға 1 стақан қайнаған су қосып, суытып қойыңыз. Осы тұнбамен безеу шыққан теріні таңертең және кешке сүртіп тұруы тиіс. Тұнбаны тоңазытқышта сақтау керек

2. Безеуді кетіру үшін кәдімгі тіс пастасында қолдануға болады. Тіс пастасы міндетті түрде ақ болуы керек (түрлі түсті болмағаны абзал). Дәрілік өсімдіктердің қоспасынан болса тіпті жақсы. Түнде әрбір безеуге тіс пастасын жағыңыз, таңертең безеулер кеуіп кетеді

3. Безеулерді кетіруге жолжелкеннің жапырақтарыда көмектеседі. Жолжелкеннің жапырақтарының шырынымен безеулерде күніне 2-3 рет сүртіп тұруы тиіс. Осылайша беттегі безеулерден арыласыз

4. Түймедақ тұнбасы халық медицинасында безеуге қарсы кеңінен қолданылады. 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық кептірілген түймедақ гүлдерін қосып, 5 минут қайнатыңыз. Содан соң, 30-40 минут тұндырыңыз. Осы тұнбамен күнделікті таңертең және кешке безеу шыққан теріні сүртіңіз
Ем болсын!

Изменен статус публикации
Добавить комментарий