0 комментариев

Шаш биті – ұсақ жәндік, науқаспен тығыз қарым-қатынаста бас терісіне түсу арқылы, оның тарағын, бас киімін және басқа да жеке киімдерін кигенде жұғады. Сау адамның шаш қабатына жеткенде бит тез арада көбейеді, жұмыртқаларын – сірке салады, олар ұрғашы битпен бөлінетін жабысқақ желім сияқты затпен шашқа жабысып, көбейеді.

Бас битінің өмір сүру ұзақтығы – бір ай. Ересек түрі тәулігіне онға дейін жұмыртқа салады, тірі сіркелер сарғылт түсті, ал өлісі – сұр. Жұмыртқалардан 5-6 күн өткен соң балаңқұрттары шығады, содан кейін шаш түбінде бос ақ түсті сырт қабаты қалады. Екі апта ішінде балаңқұрттары жынысы жетілген жәндіктерге айналады.

KYN.KZ сайты шаштағы биттен тез арылудың жолдарын ұсынады

1. Керосин

Май (күнбағыс, жүгері, асқабақ, жүзім) мен керосинді 1:10 есебімен араластырыңыз. Дайын болған сусынды шашыңыздың түбіне жағып, пергамент қағазбен орайсыз. Сыртынан орамал тағып, жатыңыз. Таңертең шашыңызды балалар сабынымен жуу керек. Сосын өлген бит пен сіркені сірке суына салынған майда тарақпен тарап түсіріңіз.

2. Лимон мүкжидек немесе анар шырыны

Бұл жеміс шырындарының құрамы қышқылға бай. Сондықтан да биттен құтылу үшін осы шырынды шаштың ұзындығына жағып, 1-1,5 сағаттай басыңызды орап алыңыз. Белгіленген уақыттан соң шашыңызды сусабынмен жуып, майда тарақпен тарайсыз. Нәтижесін көргіңіз келсе, ақ түсті матаға тараңыз.

3. Мүкжидек жемісі

3 уыс мүкжидек жемісін езіп, шашыңыздың түбіне жағыңыз. Ал шырынын шашыңыздың ұзындығына жағасыз да полиэтилен пакет киіп алыңыз. Сыртынан сүлгімен орап, 3 сағат жүресіз. Белгіленген уақыттан соң шашыңызды жуып, майда тарақпен тараңыз.

4. Сірке суы қосылған су

70 пайыздық 1 тамшы сірке суды 10 тамшы таза сумен араластырасыз. Дайын болған емдік сусынды күніне бір рет өзіңізге ыңғайлы уақытта шашыңыздың түбіне жағасыз. Шамамен 10-15 минуттан соң шашыңызды ағынды сумен шаясыз. Емделу мерзімі – 3 күн.

5. Қылқан бұтақтары

Жарты шелек қылқан бұтақтарына су құйып, отқа қоясыз. 2-3 сағаттай қайнатып аласыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алыңыз. Алдымен шашыңызды сабынмен жуып, артынан жылы тұнбамен шайыңыз. Сосын сүлгімен орап, төсекке жатыңыз. Бұл тұнба бит пен сіркеден арылтады әрі шашыңызды жылтыратады. Одан бөлек, қарамайлы сабын, «Педилин» сусабыны, 5 пайыздық күкірт май мен бор майы да биттен арылтуға айтарлықтай көмектеседі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий