0 комментариев

1.Майонез қосылған пирог


2 жұмыртқа
120гр қант
150гр майонез
1кесе сүт
Қопсытқыш
Ұн

ДАЙЫНДАЛУЫ :
Алдымен жұмыртқаға қант қосып араластырамыз. Үстіне майонез және сүт құямыз. Ұнды електен өткізіп, қопсытқыш салып массамызға аз-аздан саламыз. Пергамент қағазы төселген формамызға құямыз. 180°с-та пісіреміз. Бетін қалауыңызша сәндеуге болады. Толықтай суыған соң ғана ұсыныңыз

2.Ірімшік қосылған бәліш (пирог с творогом)


Қамыры:
Ұн – 200 гр
Шекер – 50 гр
Сары май – 80 гр

Ұн, шекер, сары майды жақсылап араластырамыз. Құм секілді ұнтақ болады. Табаны алып ішіне пергамент қағазын төсейміз (пергаментная бумага) майда ұнтақты табаға саламыз, шет жағын биіктеу етіп саламыз (аздаған ұнтақ қалдырамыз, бетіне себу үшін).

Салма:
Шекер – 50 гр
Жұмыртқа – 2 бас
Ірімшік, сүзбе (творог) – 250 гр

Шекер, жұмыртқа, ірімшікті араластырамыз. Алдын дайындаған табадағы майда ұнтақтың үстіне құямыз. Бетіне ұнтақты жұқалап сеуіп, пеште 45 – 50 минут пісіреміз 180 градуста.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий