0 комментариев

Көтем, жаз айларында кейбір қыз-келіншектердің (кейде ер азаматтарда да кездеседі) беттерінде қара дақтар пайда болады. Бұл көбінесе бет терісі күн көзіне сезімтал адамдарда жиі кездеседі. KYN.KZ сайты беттегі қара дақты кетіру жолдарын ұсынады.


Бетке дақтар төмендегідей негізгі себептерден пайда болады.
1. Бетке күн көзінің тікелей түсуі, яғни ултракүлгін сәулелерден.
2. Бауыр, бүйрек ауырғанда. (Бұл жағдайда бүйрек пен бауырды емдеу керек)
3. Бет күтімі дұрыс болмағанда т.с.с.
4. Жүктілік кезінде
Бетке дақ түсірмеу үшін алдын-ала қорғану керек.
1.Көктем басталысымен(наурыз айынан бастап) бетіңізді күн көзінен қорғаңыз. (Қалпақ киіңіз, көшеге шығар алдында күннен қорғайтын жақпа май (SPF қорғанысы 30 дан жоғары крем), күннен қорғайтын опа т.с.с. пайдалану керек)
2. Майлы, қуырылған тағамдармен тамақтанбауға тырысыңыз. (Бауыр мен бүйрекке зиян)
3. Бетіңізге күтім жасауға тырысыңыз. Аптасына 2 рет ағартатын маска жасаңыз және әр күн сайын ұйықтар алдында бетіңізді тазалап ағартатын крем пайдалансаңыз артық болмайды. Сонымен қатар, бет күтіміне пайдаланатын жақпа май, опа т.с.с заттардың сапасына көңіл бөлу керек.
Ал егер бетіңізге дақ түсіп үлгерген болса, онда жоғарыдағы кеңестерге қоса айтарым, дақ кетіретін жақпа май жағыңыз.
Беттегі дақты кетіретін жақпа май құрамында Бензофенон -3, мия сығындысы (экстракт солодки), бета-каротин, глюконовая кислота болу керек. Мұндай құрамдағы жақпа май беттегі дақты жақсы кетіреді.
Күннен қорғайтын жақпа майда SPF (SPF35, SPF 50), PPD++ деген жазу міндетті турде болу керек. Ал жақпа май құрамында А(немесе ритинол деп те айтылады) және С витаминдері бірдей болмау керек, ондай құрамы бар жақпа майдың ешқандай пайдасы болмайды. Осы аздаған ғана кеңестерді есінізде сақтап пайдалана білсеңіз, өзіңізге — өзіңіз күтім жасап жүрсеңіз. Косметолог көмегіне жүгініп әуре болмайсыз.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий