0 комментариев
Шаштың түсуі табиғи қалыпты жағдай. Оған бола абыржымаңыз, адам шашы күніне шамамен 150 шаш түседі екен, яғни ескі шаш түсіп орнын жаңа шашатар алмастырады. Шашыңыз түсу барысында ерінбесеңіз санап көріңіз)) Егер шаштарыңыз 150.ден асып кетсе демек емдеу керек. KYN.KZ сайты сізге бірнеше халық емін ұсынады.

1. Айранмен жуыңыз, айран шашыңызды табиғи қалпында сақтаумен қатар қалыңдатады. Бір ғана ескеретін жәй майлы етіп жіберуі мүмкін.
2. Шаш түсірмеудің амалына дәріханалада сатылатын майсана майы көмектесе алады. Майсана майын (костровое масло) шашыңыздың түбіне пайдаланбайтын тіс щеткасымен мұқият жағып шығып, полиэтилен пакетпен жауып, жылы орап 2 сағат ұстаңыз (түнге қалдыруға да болады, таңертең жуасыз) да, жуып тастаңыз. Майсана майының қасиеті сонда, ол шашты түсірмеумен қатар шаштың өсуін жылдамдатады.
Жуу демекші, қазіргі таңда жуу құралдарында химиялық қоспалар өте көп. Олар шаштың әлсіреуіне алып келеді. Сол үшін шашыңызды шампуньмен көп жумауға тырысыңыз. Жуғанда бір рет қана жууға дағдыланыңыз, яғни қайталап екі немесе үш рен жуудың керегі жоқ. Жуу барысында сұйықтықты шашыңызды түбіне ғана жағып, ұшына жеткізбеңіз. су құйғанда өзі-ақ ұышан барады, оған сол да жеткілікті. Жақсылап, мұқияттап шайыңыз, шампуньді баста көбірек ұстамауға тырысыңыз.
3. Пияздың қабығын тастамай, бір уысын суға қайнатып алып, сүзіп алып тастыңыз да су суыған соң жуған шашыңызды соңында шайыңыз, нәтижесі зор.
4. Шашыңызды жуып болғаннан кейін, соңында шаятын суыңызға бір-екі тамшы майсана майын тамызып жіберсеңіз шашыңызды жібектей етіп, таралуға оңай етеді. Шашыңыз жұп-жұмсақ болып шыға келеді.
5. Жұмыртқаның ағын сарысынан бөліп алып, жақсылап араластыра шашыңызға түгел жағып, полиэтилен пакетпен жауып біршама ұстап жуып тастасыңыз да пайдасы бар.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий