0 комментариев

Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): ”Адам өз үйіне кіріп келсе, әрі кірер кезде және тамақтанарда Алла Тағаланы зікір етсе (үйге кірердегі дұғаны оқыса), шайтан өз сыбайластарына: «Сендерге (бұл жерде) қону да, тамақ та жоқ!» – деп айтады”,-деген. (Муслим 2018 «Сахих»)

Үйге кіргенде айтылатын дұға:
«Бисми-Лләһи уәләжнә, уә бисми-Лләһи харажнә, уә ‘алә-Ллаһи Раббинә тәуәккәлнә».

((بِسْمِ اللَّهِ وَلَجْنَا، وَبِسْمِ اللَّهِ خَرَجْنَا، وَعَلَى اللَّهِ رَبِّنَا تَوَكَّلْنَا، ثُمَّ لِيُسَلِّمْ عَلَى أَهْلِهِ))

Аудармасы: «Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық және Раббымыз Аллаға тәуекел еттік».

Үйіне кірген кісі осы дұғаны айтып болған соң үй ішіндегілерге сәлем берсе Алла олардың ризық-несібесін арттырып, Жәннаттық адамдардан етеді!
Пайғамбардың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Алла (төменде сөз етілетін) үш адамның әрбірі егер тірі қалса, барлық қажетті нәрселерімен қамтамасыз етілетініне және (олардың әрқайсысына) тіршілік ету үшін қажетті заттар берілетініне, ал қайтыс болса, Алла оны Жәннатқа кіргезітініне кепілдік берді. (Бұл үшеудің біреуі) үйіне кірерде сәлем беру сөздерін айтатын адам…» («Сахихут-Тарғиб», 321)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий