0 комментариев

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз.  Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.

 

Туған күнге арналған ресми тілектер

Жер-көкті қуаныш пен гүл шоғына орап, аңсай жеткен көктем күніндегі  туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Әріптестеріңіз өзіңізді іскер басшы, шебер ұйымдастырушы және ұлтжанды азамат ретінде  танып, құрметтейді.
Өйткені, бүгінде ынтымағы жараса, татулықты ту еткен сәулеті мен дәулеті тасыған  бас қаламыздың келбеті аз ғана уақыт ішінде ерекше нұрға бөленіп көркейе түсуі мен көлік саласындағы жетістіктерге жету жолында  үлкен ұйымдастырушылық және биік деңгейдегі біліктілік қабілеттеріңізді қашанда байқатып келесіз. Бұдан басқа да ұжымда жоғары талап қоя отырып, әрбір азаматтың жүрегіне жол тауып, үлкен адамгершілікпен түсіне білеріңіз өз алдына.
Сіздің қуанышыңызға ортақтаса отырып, алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі мен …………….. дамыту жолында тартулы табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.

 

Бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сізге зор денсаулық, еңбегіңіз жемісті болсын дейміз. Әрқашан үміттеріңіз орындалып, толағай табыстарға жете беріңіз. Отбасыңыздан бірлік, құт-береке кетпесін.
Балаларыңыздың ортасында шаттанып жүре беріңіз. Әрбір арайлап атқан таң Сізге тек қуаныш пен бақыт әкелсін.

 

Сізді жылуы мен шуағы мол жаздың тамаша сәтіндегі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Бүгінде  Сіздің жауапкершілік жүгін арқалап, ……………….. қызметінде қоғамымыздың саяси, әлеуметтік, экономикалық, тыныс-тіршілігін таразылай білетін, зор ұйымдастырушылық қасиетіңіздің, кәсіби іскерлігіңіз бен парасаттылығыңыздың, халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жүргізіп отырған дәйекті де үйлесімді саясатыңыздың арқасында экономикалық алға жылжуға қол жеткізіп келеміз.
Бұл реттегі игілікті істеріңізді  астаналықтар әрқашан да жоғары бағалайды.

 

Бүгінгі туған күніңізбен тағы да құттықтай отырып,  отбасыңызға бақыт, өзіңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, барлық істеріңізге табыс тілейміз.

 

Лайым Қазақстанның берекесі нық, іргесі берік, болашағы жарқын болып, Астанамыз күннен-күнге көркейіп, абырой-даңқыңыз ел мүддесімен бірге жасай берсін.

Сіз барлық атқарған мәртебелі қызметтерде  жоғары белсенділік танытып, ел ішінде үлкен беделге ие болып отырсыз.

Сіз бар күш-жігеріңізді, мол тәжірибеңізді туған еліміз – Қазақстанды қорғай білетін  мамандар даярлауға аямай жұмсап келесіз.
Сіз әрдайым қарапайым адамдардың мұң-мұқтажына терең бойлап, әркімге жақсылық жасауға құштарсыз.

Әрқашан біліміңіз бен ұйымдастырушылық қабілетіңіздің арқасында әріптестеріңіздің арасында  құрмет пен сыйға бөленіп жүрсіз. Еліміздің экономикасының  өркендеуіне, қанаттанып гүлденуіне сүбелі үлес қосып келесіз.

Осындай абзал істерге аянбай еңбек етіп жүрген қадірлі азаматқа  деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болып,  отбасына береке-бірлік, баянды бақыт, еңбекте тартулы табыс тілейміз.

Жаңа тарихымыздың жарқын болашағы жолында еңбегіңіз жана берсін!

Экономист мамандығын меңгерген қарапайым қазақ қызы – Сіз халықты әлеуметтік  қорғау саласында  ұзақ еңбек жолынан  өттіңіз.

 

Еліміздің бас қаласы  Астана көшкенде  алғашқылардың бірі болып келіп,  осы тәжірибеңізді …………………. департаментінде жалғастырып келесіз.
Біз Сіздің іскерлік қабілеттеріңіздің  жарқырай  ашылған тұсы осы кез  екенін  жоғары  бағалаймыз.  Сіз жаңа астананың  қалыптасуына, мұндағы әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешілуіне  мұрындық болып,  қала халқының  алдында биік беделге ие болдыңыз.
Сізді әріптестеріңіз іскер басшы, шебер ұйымдастырушы, кәсіптік  деңгейі жоғары маман ретінде  танып құрметтейді.
Бүгінгі мерейлі мерекеңізде еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін.

Сіздің әйел-ана ретінде де мейірім-шапағатыңыздың зор екенін білеміз. Кішіге ілтипат, үлкенге ізеттік көрсете білетін қасиетіңіз кейінгі жас толқынға үлгі-өнеге бола білсін.

Біліміз бен алғырлығыңыздың  және ұйымдастырушылық  қабілетіңіздің  арқасында  әріптестеріңіздің арасында  құрмет пен сыйға бөленіп жүрсіз. Елорда орталығының  ірі кәсіпорындары бірінің қызметі өркендеп,  қанаттанып өсуіне қалыпты жұмыс жасауына сүбелі үлес қосып келесіз.  осындай абзал істерге аянбай еңбек етіп жүрген азаматқа деніңіз сау,  ғұмырыңыз ұзақ,  отбасына береке-бірлік,  баянды бақыт, еңбекте тартулы табыс тілейміз.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий