0 комментариев

Ардақты ағайын! Көппен көргеннің арманы жоқ, ел қариясы – ел қазынасы деген. Қарты бар үйдің құты бар дейді. Бүгін аяулы әкеміздің Пайғамбар жасы – 63 жылдық мерей тойын Сіздермен бірге атап өтіп отырғанымызға қуаныштымыз. Ата-анамыздың, олардың қатарының өмір жолы қайсарлардың заманы болды. Бізді бүгінгі күнге жеткізген осы әкелеріміз бен аналарымыздың еңбегі. Әкеміз анамызбен екеуі қатарымыздан қалдырмай өсіре білгеніне ризашылықпен басымызды иеміз.
Осы орайда замандастарын, ағайын-туыстарды жиып, әкеміздің 63 жасқа келуін тойлап, мерейін көтеруге ұйғардық. Ең жақсы құрмет олардың адал атына кір келтірмеу деп ойлаймыз. Адалдық, адамгершілік, алдымен өзіңе талапшыл болу – ата-анамыздың көрсеткен өнегесі.
Қадірлі ағайын! Бәріңізге де осындай қуаныш тілейміз, әкеміздің жасына жетіңіздер. Ал ата-анамызға ұзақ ғұмыр, денсаулық тілейміз. Әкеміз – асқар тауымыз. Біз есейіп кетсек те, панамыз. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің демекші, бұл күнде өзіміз ата-ана болған кезде олардың еңбегін толық түсініп отырмыз. Біздің көз алдымызда өмірге қуанып жүре берулерін Алладан тілейміз.
Менің атыма да айтқан тілектеріңізге мың да бір рахмет.
Көргеніміз үнемі той болсын, тойда жолығып жүрейік ағайын!

 

Құрметті ханымдар мен мырзалар, мына жиналған туған-туысқан, дос-жаран! Сіздерге айтарым, тойымызға келгендеріңізге көп рахмет. Тойда жақсы, көңілді отырдыңыздар. Соның арқасында тойымыз жақсы өтті деп ойлаймыз. Осы қуанышымызбен ортақтасып, ыстық лебіздеріңізді білдіріп, қаншама тамаша тілектер айттыңыздар. Бәрі де қабыл болсын және өздеріңізге жұғысты болсын, Сіздерге де игі тілектер тілейміз. Алда әлі той көп. Басымыз үнемі тойда қосылып жүрсін. Рахмет.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий