
сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын
Әрқашан сүйгеніңмен бірге болып
Алдыңнан бақыт жолы ашық болсын.
Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
Әр күніңіз қуанышты болсын!
Туған күніңізбен!
Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң – төз
Жарыссаң – оз
Ойнасаң – ұт
Күрессең – жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!
Тілеймін талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейін сені достым заңғарлардан!
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші – адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші – тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші – қатарыңда кемелді бол.
Бесінші – берекелі, беделді бол.
Алтыншы – арыстандай айбатты бол,
Жетінші – жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!
Денсаулығың мықты.
Жұмысын табысты,
Істерің ілгері болсын!
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа – гүл, келбетіңе – нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа – жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа – амандық, денiңе – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың – асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың – гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.
Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Ұлы өмірді жеңетін уақыт,
Ешкім, ешқашан көрмеген бақыт
Әрқашан орындалатын арман тілеймін