0 комментариев

Көз тиіп ауырған адамның бойында әлсіздік байқалып және жүзінде сарғылт, қызғылт немесе қара дақ белгілері пайда болуы мүмкін.

– Көз тию, дуа, басқа да аурулардан сақтану үшін (немесе көз тиген адамды емдеу үшін) «Фатиха», «Аятүл-Күрси», «Кәфирун», «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқыған дұрыс.

– «Қалам» сүресінің 51,52 аяттарын және «Мүминун» сүресінің 97-98 аяттарын оқып дем салу қажет.

– «Бисмилләһилләзи лә ядурру мә асмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәмаи уә һуәссәмииул алим» дұғасын таңертең және кешке оқу.

– «Әғузу би кәлимәтилләһиттәаммәти мин шәрри күлли шәйтанин уә хаммәтин уә мин шәрри күлли айнин ләаммәтин».

– Сондай-ақ, сұқ көзге тап болған жанды емдеудің тағы бір тәсілі: көзі өткен адам ыдысқа беті-қолын жуып дәрет алады. Сол сумен сырқаттанған адамның басынан бастап түгел денесіне құйып шығады. Алланың қалауымен шипасы болмақ. Бұл жөнінде Айша (р.а.) анамыз: «Көзі тиген адамға дәрет алдыртатын, сол сумен назарланған адам жуынатын»,– деп айтқан.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий