0 комментариев

Бiр күнi Пайғамбарымыз (с.а у) мешiтке кiрген бетте Әбу Умәмә есiмдi аңсарлардан болған бiр кiсiні көрiп, оған:
⠀«Ей, Әбу Умәмә, сенi намаздың уақытынан тыс кезiнде мешiтте мына күйде отырғаныңды көретiндей не жағдай болды?» деп сұрағанында, Ол:

«Я, Расулуллаһ! Бұған себеп басымдағы қарызым мен күйзелiсiм» деп жауап бердi.

Сонда Пайғамбар (с.а.у):

«(Олай болса) таңертең және кешке (Алла Тағаладан):
«Я, Тәңiрiм! Күйзелiс және қайғыдан, әлсiздiк пен жалқаулықтан, қажырсыздық пен сараңдықтан, қарызға бату мен адамдардың ашуынан өзiңнен пана тiлеймiн)» деп дұға ет дедi.

Осы оқиғадан кейiн Әбу Умәмә былай дедi:

“Мен Пайғамбарымыздың (с.а.у) айтқанындай қылдым. Алла Тағала уайымдап, абыржығанымды кетiрiп, ҚАРЫЗЫМДЫ ӨТЕУІМІ нәсiп еттi. (Әбу Дәуіт)

ДҰҒАНЫҢ ОҚЫЛУЫ:

Аллаһумма инни әъузә бикә минәл-һамми уәл-хузни, уә әъузә бикә минәл-ъажзи уәл-кәсәл, уә әъузә бикә минәл-жубни уәл-бухл, уә әъузә бикә мин ғоләбәтид-дайн, уә қаһрир-рижәәл.

ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУ үшін Алладан көмек сұрайтын басқа да ДҰҒАЛАР:

«Я, Алла! Мені адал еткен нәрселерің арқылы харам еткен нәрселеріңе жүгінуден сақтай гөр, әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе!»

«Аллаһуммәкфи-ни би халәликә ‘ан хәрамикә уә әғнини би фәдликә ‘аммән сиуәк!»

ТАҒЫ БІР ДҰҒА:

«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сарандық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығы мен адамдардың қыспағынан Өзіңе сиынамын!»

«Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл һәмми уәл-хәзәни, уәл-’ажзи уәл-кәсәли, уәл- бухли уәл-жубни, уә долә’и-д-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл» (Бұхари)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий