0 комментариев

1. Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы

2. Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар

3. Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы

4. Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері

1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін. 1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.

Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды. 1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйекқазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды.

19361938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 19311933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т.б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.

19201950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза – ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.

Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді.

Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгітнасихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады.

«Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге мәжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз бастамасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар бұл тізімді кебейтуді ұсынған өтініштер білдірді.

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары

Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.

30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді: саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;

әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;

ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».

Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 19371938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар – М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар – А.Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.

50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау – 19201950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.

Бақылау сұрақтары:

  1. Депортация дегеніміз не?
  2. Қазақстанға күштеп қоныс аударылған халықтар
  3. Соғысқа дейінгі депортацияға қандай халықтар ілікті? Неліктен?
  4. Этнос дегеніміз не?
  5. Саяси мүдде негізінде көшірілгендерді қалай атады?
  6. Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып іліккен қиыршығыстық халықты атаңдар?
  7. «Сенімсіз халықтар» деп неліктен атады?
  8. Заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды ақтау қашан басталды?

Төмендегі суретке қарап қазақстанның адал ұлдарына сипаттама жаса:pastedGraphic.png

Қазақстандағы лагерлерді атап, сипаттама жаса:

pastedGraphic_1.png

pastedGraphic_2.png

Тест тапсырмалары

1) «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер: 

1) Т.Жүргенов.

2) О.Ќожанов.

3) С.Садуақасов.

4) Т.Рысқұлов.

5) О.Жандосов.

2) Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Ќ.Қуанышев (Бесеудің хаты): ашық хатты жазды:

1) И.Сталинге.

2) Ф.Голощекинге.

3) М.Кагановичке.

4) В.Молотовќа.

5) В.Ленинге.

3) Ќазаќ КСР-інің конституциясы қабылданды:

1) 1939 ж.

2) 1938 ж.

3) 1937 ж.

4) 1936 ж.

5) 1922 ж.

4) Ақмоладағы Отанына  опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерде (АЛЖИР) төмендегі қай мемлекет ќайраткерінің әйелі мен қызы азап шекті:

1) Т.Рысқұловтың.

2) Ғ.Мүсірепов.

3) С.Сәдуақасов.

4) А.Байтұрсынов.

5) С.Асфендияров.

5) Лаңкестік жаппай сипат алды :

1) 1941-45 жж.

2) 1937-38 жж.

3) 1927-31 жж.

4) 1931-33 жж.

5) 1918-20 жж.

6) 101 мың ќазаќстандыќтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары:

1) 27 мыңнан астамы.

2) 37 мыңнан астамы.

3) 47 мыңнан астамы.

4) 57 мыңнан астамы.

5) 67 мыңнан астамы.

7)   1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды :

1) Ќ.И.Сәтбаев.

2) Ғ.Мүсірепов.

3) С.Сәдуақасов.

4) А.Байтұрсынов.

5) Т.Рысқұлов.

8) 1930 жылы Қазақ АКСР БМСБ атуға үкім шығарды:

1) Ќ.И.Сәтбаевты.

2) Ғ.Мүсіреповты.

3) С.Сәдуақасовты.

4) А.Байтұрсыновты.

5) Ж.Аймаутовты атуға үкім шығарды.

9) Лаңкестіктің құрбаны болған, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы:

1) Ќ.И.Сәтбаев.

2) Ғ.Мүсірепов.

3) С.Сәдуақасов.

4) А.Байтұрсынов.

5) С.Асфендияров.

10) 1931 жылы Қарағанды облысының, Осакаров ауданында негізінен пайда болды:

1) 25 қоныс обсервация.

2) 35 қоныс обсервация.

3) 45 қоныс обсервация.

4) 55 қоныс обсервация.

5) 65 қоныс обсервация.

11) 25 жылға бас еркіндігінен айырылып, 1954 жылы ақталып шыќты:

1) Е.Бекмаханов.

2) Ә.Марєғұлан

3) Ќ.Сәтбаев

4) А.Жұбанов

5) М.Әуезов

12) КОКП XX сьезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер:

1) Ә.Марғұлан, М.Айтхожин, А.Байтұрсынов

2) М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Әбішев

3) М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов

4) Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, М.Шаханов

5) С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин

Үй тапсырмасы:

«1940-1950жж. ұлт зиялы қауымына қарсы қуғын-сүргін» тақырыбын оқып келу.

«Тоталитарлық жүйенің тиімділігі мен зардаптары » эссе жазу

СӨЖ тапсырма: Реферат

  1. Ұлт зиялы қауымын қуғындау
  2. Қазақстанда лагерлер жүйесінің құрылуы

Әдебиеттер:

  1. Жолдасбаев С. «Қазақстан тарихы»: Жаратылыстану-математикалық бағыт, 10-сынып, А., «Мектеп»,2010
  2. Кан Г.В.,Шаяхметов Н.У.,  «Қазақстан тарихы» А., 2015
  3. Х.К. Ермуханова Қазақстан тарихы Шың кітабы. 2007
Изменен статус публикации
Добавить комментарий