0 комментариев

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді “риторика” деген атпен жеке пән ретінде оқыған.

Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. “Риторика” ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан “Шешендікке қысқаша басшылық” атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.

Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.

Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын.

Ол: “Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын”, – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.

Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.

Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. “Қазақ әдебиеті тарихы” (1927 ж.) еңбегінде “Билер айтысы” деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.

Қазақ халқы – тілге бай халықпыз. Қазіргі ақпараттық технология заманында – мына мəтінді ой түрткі сөздерді ғаламтордан кездестіруге болады:

1. Қазақ – ол сен, ол мен, олар біздер. Бізге – ешкімнің алдында ақталудың қажеті жоқ, қазақ ұлты – ұлы ұлт.

2. Барша адамды алла жаратты, әлеуметтік теңсіздікді адам жаратты.

3. Түн болғанмен, күн ешқашан сөнбейді.

4. Көп естісе құрғақ сөзге құлақтың еті үйреніп кетеді.

5. Кейде қорқудың өзі ерлік.

6. Біреудің үстінен күлсеңіз, ол жылайды деген сөз емес.

7. Сөзге тоқталу мен еру екі бөлек нәрселер.

8. Кемсітудің өзі кемшілік.

9. Уақытты қайтару мүмкін емес, бір нәрсе екінші рет қайталанса қызық емес.

10. Сіз біреуді сыртынан жамандасаңыз, өзгенің көзімен сізде сондайсыз.

11. Жас баланы тәрбиелеу оңай, егер сіз дұрыс тәрбие алсаңыз.

12. Өмірді түсінбеймін дейсіз, онда неге құранға шын сенбейсіз..

13. Ең алдымен адам өзін алдамау керек, сонда сізде алданбайсыз.

14. Шын бақытты білмесеңіз, оны неге іздейсіз.

15. Ана тілін білмеген адам – жетіммен тең.

16. Жанашыр болыңыз, себебі сол жағдай сіздің басыңызғада келуі мүмкін, үстінен күлсеңіз әрине.

17. Өзіңізге мен кіммін? – деңізші, ішкі түйсік өзі айтады.

18. Шексіздіктіңде шегі бар, шексіздікті де бір шектік етіп алуға болады.

19. Сабыр сақтау үшін адамға, бір сәтке ғана өзін – өзі ұстау жеткілікті.

20. Махаббат – бар адамдарда, қалған тіршілік иелері не болып жатқанын түсінбейді де меніңше, түсінсе оларда некеге тұрушы еді біз сияқты.

21. Жаман адамда жақсы болып көрінгісі келеді.

22. Ғаламның үлкендігін – сіздің ойша есептеген ең үлкен аумақтың, жай ғана бір нүкте болып қалған кездегі өлшемді айтуға болады.

23. Біреуді ақымақ деу ақымақтық, себебі әркім тек өзін көреді.

24. Әр адам сенімсіз екендеріне – сенімді, демек сенім бар.

25. Өсекті – соны таратушылар ғана айтады, қалғаны жай тыңдайды.

26. Қиындықты сезінсеңіз, оған дейін жеңіл болғанын білесіз.

27. Өзіңізді ешкімнен биік санамаңыз, төмендеп кетесіз.

28. Сыртынан қарағанда, қант пен тұздың айырмашылығы жоқ.

29. Өмірде әділдік бар болса, әділетсіздік болатын еді.

30. Үнсіздік – айқайдан жаман, не айтқанын ешқашан біле алмайсың, сөйлесе жалған болсада айтылды, ол – факт.

31. Біз оңбай алданғанбыз, жерден шыққан тас пен темірді – алтын, алмас деп атап, алдап сатқан.

32. Жаратушы күш – әлемдегі бүкіл ересек адамдарды « бес жасар бала » – деп есептегендегі, бізге қарап тұрған ересек кісінің, бізге түсіндіре алмай жатқаны сияқты сезіледі.

33. Жүрек елшісі – тіл, тіл – елшісі сөз, сөз – елшісі ой, ой – елшісі біз.

34. Ашкөздік – өзі емдей алатын, біле тұра емдемейтін адамның жан ауруы.

35. Ұлтжандылық – ерлерге тән қасиет, ездер – елін сүюдің орнына, айдаққа еріп жек көруге тырысады.

36. Ең әдемі күлкі – жымиған күлкі, дауыстап күлу – біреудің үстінен күлуге жатып кетеді, ол – жаман қасиет.

37. Таразының екі жағы тең болу керек, тек түсінбейтінім тепе – теңдік. Мен тіке тұрғанда маған тең сияқты, жердің арғы бетіндегі кісігеде тең болып көрінеді. Меніңше: жердің қақ ортасындағы иненің ұшындай ғана жерінің ортасы тең шығар, осыған қатысты дененің бәрінде ауытқу бар.

38. Бастамай жатып, қолдаудың орнына аяқтап тастау – кертарпалық, қисық сөйлеп отырып түзу қырқуға тырысады.

39. Нәтиже – босқа кетпеген уақыт.

40. Ар – ұят – ең құнды байлық, құнын білмейтіндер сатып жібереді.

41. Өмірде тегін ештеңе жоқ – дейді, тегін – ол құны жоқ нәрсе, олай болса бізге өмірді тегін берді ғой.

42. Боғауыз көп айтатындарға д***хана қағазын сыйға тарту керек, сауапқа қаламыз.

43. Егерде қиналмасаң – айтуға оңай.

44 Жұлдызы ұстау – адамдар арасынан оқшауланып, мына өмірге сыймай өзге өмірді аңсау, немесе өзін өзге өмірде жүрегендей сезініп, өгейленуін айтады.

45. Ән – көңіл кілтін табады, әнші – сол кілтті сатады.

46. Сағыныш – естеліктер жиыны, естеліктер ешқашан  естен кетпейді, ұмытқан жағдайда еске салып тұрады.

47. Ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсыз, сіздің үстіңізден айтылған сөздерге мән бермеңіз, әркім өзін көреді, сосын ауызынан жақсы сөздершықпайды. Мысалы: ит үрсе – оған үрмейсіз ғой, адамгершілік танытып сүйек бересіз. Сол сияқты, иттік іс істейтіндерге – адамгершілік таныту керек.

48. Өмірден басқасының бәрі – әдемі ұйқас ғана.

49. Ақыл айту қиын емес, ақылды тыңдау қиын.

50. Таңдау жасау ең қиыны: қайсысын таңдасаңда, соңында қателескен болып шығасың. Себебі таңдамайтын адамдар – екі жаққада ауып кете салады, негізінен осылар « қателестің » – деп айтатын.

51. Жан сұлулығын көре алмаған адам, сыртқы сұлулықты біледі ғой дейсіз бе? Жан дүниеңіз сұлу болса. Сыртқы сұлулықтың болмауы мүмкін емес!

52. Табиғатта ең жасанды нәрсе – ай сәулесінен түскен көлеңке.

53. Күш көрсету – әлсіздік, олда біреудің алдында әлсіз, жоқ – дегенде жаратушы күштің алдында.

54. Таза ауаны жұтып тауыса алмайсың, бірақ кейде ауа жетпейтіндей көрінеді; қанағат – қайда болсада қажет.

Шешендік шендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Халық мақалдарында: “Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді”, “Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ”, “Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді”, “Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды”, – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.

Сөз туралы Бөлтірік шешен: “Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл”, – деп толғайды. Бұлар – “Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі”. Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау: …Көш бастау қиын емес – Қонатын жерде су бар. Қол бастау қиын емес – Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын – Шешімін таппас дау бар, –

деп дұрыс аңғартады.

Айтыс– шешендік өнердің шыңы. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.

Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері ТөлеҚаз дауысты ҚазыбекӘйтекеденқалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.

Ш.Уәлихановтың: “Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған”, – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.

Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы: “Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді”,– деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.

Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң, келеке қылады. -Досбол шешен Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз.

Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?!

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ! Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем, нағыз бағасын бергенім ғой. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған.

Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті. Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды. Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий