0 комментариев

Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста. 1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. ұлы Отан соғысы осылай басталды.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық  майданда шайқасты. Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет   женді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандық генерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров баскарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды.  Осы уақыттарда Клочковтың «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» деген сөзі бүкіл майданға тарап, отан қорғаушыларға үлкен рухани дем берді. Сонымен бірге Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста  ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп,  жау танкілерінің бірнешеуін жойды..Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста. Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар  дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты. Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов  кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одағының батыры атанды. 1941 жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың  ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді. 

Қазақстан – майдан арсеналы. Алғашында Ресей мен Украинадағы өнеркәсіп орындары, көмір кен  орындарының, электр станцияларының гитлерлік армия қолына өтуі майдан үшін қатер болып төнді.Осыған байланысты Қазақстанды ірі әскери, экономикалық база  қылып, ондағы өнеркәсіп орыңдарының қуатын арттыру мақсатында көптеген шаралар қолданылды.

1942 жылы Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қарағандыда көмір өндіру ісін арттыру жөнінде шаралар қолдану туралы қаулы шығарды. Қарағанды шахтасына мемлекетіміз жан-жақтан қолдау көрсете бастады. Ембіде мұнай өндіру ісіне де көп көңіл бөліне бастады. Гурьевте мұнай өндеу зауыты салынды. Ембіге Әзірбайжаннан 400-ге жуық мұнайшы келді. Ембіде және «Ақтөбе нефть» кәсіпшілігінде майдан қажетіне артық мұнай өндірілді. Ауыл шаруашылығында еңбек еткен Ыбырай Жақаев, Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам есімдері соғыс жылдарында белгілі болды. 1943 жылы Ш. Берсиев бастаған тары өсірушілер әр гектардан 201 центнер өнім алып, әлемдік рекорд жасады. Ал Сырдария жерінде Ы. Жақаев күріштің әр гектарынан 1260 пұт өнім алды.

1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен 500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.1942 жылы күзде Каспий аумағында соғыс жағдайы енгізілді.1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте қорғаныс комитеті құрылды. Гурьев  жерінде жау ұшағы пайда болғаннан кейін, 1942 жылы 10 қыркүйекте Гурьев облысының барлық жерінде қатайтылған арнайы қорғаныс жүйелері ұйымдастырылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді.Кешікпей қазан айында Орал әуе шабуылынан қорғанатын майдан  өңіріне айналды. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев,  Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық,  техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн сом шығын келтірді.Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен.   Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнінде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. 

Сталинградты қорғауға қатысты. Сталинград түбінде көптеген қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Ұлы ақын Ж.Жабаевтың баласы Алғадай Сталинград қаласын қорғауда ерлікпен қаза атапты. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті. Қазақстандық партизандар: Қ.  Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды. Р.Қошқарбаев пен Булатов рейхестагқа жеңіс туын тікті.1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі  жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий