0 комментариев

Соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси өмір. Соғыстан кейінгі алғашқы бесжылдықтың мақсаты қираған шаруашылықты қалпына келтіру болды. Соған байланысты қызыл армия қатарынан адамдарды босатты. Өйткені соғыс барысында 27 млн адам қайтыс болған еді және Қазақстанға соғыс барысында көшіріліп келген завод – фабрикалар қайтадан бейбіт өңірге көшірілді. Бұл білікті мамандардыңда кетуіне ықпал етті. Міне осындай жағдайлар қираған шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті.Соған қарамастан халықтың қажырлы еңбегінің арқасында, үкіметтің көп қаржы бөліуіне байланысты ел экономикасы аяғынан тұра бастады. Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО- да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.Соғыстан кейін саяси куғын-сүргін де күшейді. Жалған айыппен сан  мыңдаған адам еш кінәсіз, жазықсыз қудаланды. «Дәрігерлер ісі», «Ленинград ісі» сияқты жалған айыптау топтамалары да көбейді. Фашистердің тұтқынына түскен Қызыл Армияның көптеген офицерлері мен жауынгерлерінің тағдыры қиын болды. Саяси куғын-сүргінге алдымен олар ілікті.Қазақстан соғыс жылдарында күшпен жер аударылған басқа ұлттың көптеген адамдарына пана болды. Соғыстан кейінгі уақытта мәдениет, еліміздің рухани жағдайы қатал сталиндік идеологияның қыспағында болды. Тоталитарлық режим бұл саланы өз дегенімен басқарып отырды.

Республикадағы 50 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.1953 жылы наурызда әміршіл-әкімшіл жүйенің идеологы, КСРО басшысы И.В. Сталин қайтыс болды.1953 жылы шілдеде Сталиннің оң қолы, құғын-сүргінді ұйымдастырушы, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Л.П. Берия барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық, адам құқығын аяққа таптаған үстемдік дәуірі аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады. Н.С. Хрущев кезінде де соны пікір айтқандар құғындала бастады. 1959 жылы болған КОКП-ның ХХІ съезінде Н. Хрущев социализмнің толық жеңгені, енді коммунизмге аяқбасқаны туралы өз баяндамасында айтады. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды. Сонымен қатар 1954ж халықты астықпен қамтамасыз ету мақсатында «тың және тыңайған жерді игеру» шешімі қабылданды. Қазақстанның алты облысында жүргізілді. Олар: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар. Тың игеруді жүргізуге байланысты одақ бойынша Қазақстан астық жинаудан екінші орынға шықты. Қазақстан жеріне көптеген тың игерушілер келді. Оларға мынандай көмектер көрсетілді. Тұрғын үй салуға он мың несие, әрбір отбасы мүшелеріне 150-200сом,шаруашылық салығынан бес жылға босатты. Соған байланысты жеңіл пайда тапқысы келетіндерде келе бастады. Осыған байланысты қоғамда құқық бұзушылық белең алды. Және орасан зор жер жыртылды бұл топырақтың құнарсыздануына алып кеп соқтырды. Мал шаруашылығының дамуына керы ықпал етті. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды.

60-жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. 60 жылдардан бастап мемлекет Кеңестерді дамыту ісіне басты көңіл бөлді. КОКП-ның XXII съезінде Кеңестердің беделін арттыру туралы мәселе қаралды. Осы кездегі қоғамның саяси жүйесінде елімізде еңбек ететін барлық жүйеден өкілдер құрамына кіретін КСРО Жоғарғы Кеңесінің рөлі артты.1963 жылы Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 473 болды. Депутаттардың 158-і әйел болды.Ал Қазақ КСР-нің барлық депутаттар Кеңесінің құрамына 98906 депутат сайланды. Бірақ Жоғарғы Кеңес партия нұсқауы негізінде жұмыс істеді.Кәсіподақ қызметі де бұл кезде жаңдана түсті. 1966 жыл кәсіподақ құрамында 4млн-ға жуық адам болды. 1961 жылы ауылдық жерлердегі мәдениет үйлері кәсіподақтың билігіне көшті. Социалистік жарыстар ұйымдастыру, еңбекшілердің кұқықтары мен әлеуметтік жағдайларын реттеу кәсіподақтың міндеті болды. Осындай кең көлемдегі істерді атқару құзырында болған кәсіподақ барлық жағынан партияға бағынышты жағдайда болды. 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының 1946-1960 жж. аралығындағы дамуы. 1948 ж., 27-28 сәуірінде, Алматы қаласында Қазақ КСР Қызыл Крест қоғамының 1-ші съезі болды.Қызыл Крест қоғамы  Қазақстан жеріне алғаш келген кезде Кеңестік Ресейдің Қызыл Крест қоғамының бөлімшесі (филиалы) болып ашылған. Содан 1936ж. дейін Қазақ КСР болып құрылғанға дейін Ресей Қызыл Крест қоғамының филиалы ретінде қазақ жеріне қыруар көп жұмыстар істеді. Халықтың денсаулығын қорғайтын көптеген медициналық мекемелер ашылуына себепкер болды. Атап айтқанда медико-санитарлық постарды ұйымдастыруда, санитарлық дружиналарды ашуда, халыққа санитарлық ағартушылық жұмыстар жүргізуде, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын түсіндіруде т.б. көптеген жұмыстар ұйымдастырған. 1958ж. Қазақстан Республикасында денсаулық саласының дамуында медициналық мекемелердің құрылысын салуға 670 млн. ақша бөлу жоспарланған болатын. Осы 1958-1960жж. уақыт аралығында қалаларда, аудан орталықтарында, совхоздарда, колхоздарда, малшы отарларын ауруханалық, диспансерлік, амбулаториялық, емханалық, бала-бақшалық, сауықтыру орындарының жаңа ғимараттары салынды және жалпы жөндеуден өткізілді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий