0 комментариев

Фонетика – (грек. φωνητῐκός – дыбыс сөзінен алынған) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,
себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.

Тіл дыбысы- тілдің ең кіші бөлшегі. Дыбыста мағына болмайды. Бірақ сөзбен сөзді мағынан жағынан бір – бірімен ажыратады. Мысалы: бақ -бар – бат – бай; қал-тал- сал-мал т.б

Дыбыс- сөздің өмір сүру формасы болса, әріп-дыбысқа берілген графикалық таңба. Бір дыбыс бірнеше таңбамен өрнектеле береді.( мысалы: Б-b, Д-d)

Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қаріп бар деп атаймыз. Дыбыс пен қарып екі түрлі нәрсе. Оны шатастырмау керек. Айырмасы Дыбыс естіледі, көзге көрінбейді. Қарып- көзге көрінеді, естілмейді.

Әліпби-жазудағы әріптердің реті мен тәртібі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий