0 комментариев

Дыбысты айтамыз және естиміз.

Тіл дыбыстары дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Олардың негізгі ерекшеліктері:

  1. Дауыстылар тоннан (үннен) жасалады, ал дауыссыздар салдырдан жасалады.
  2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы қатысады. Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тілартқа тартылады. Жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай керіліп, (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.
  3. Дауыстылар буын құрайды және бір буында бір дауыстыдан болады, дауыссыздар буын құрамайды т.б.

 

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

 

Дауысты дыбыстар

а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, у, и, э

 

Тілдің

қатысына қарай

Жақтың

қатысына қарай

 

Ерін мен езудің қатысына қарай
жуан(твердые): а, о, ы, ұ, э, (у), (и) жіңішке (мягкие): ә, ө, і, ү, е, (у), (и) ашық (широкие): а, ә, о, ө,

е, э

қысаң (узкие):

ы, і, ү, ұ,

и, у

еріндік(губные): о, ө, ү, ұ, у езулік(негубные):

а, ә, е, э, ы, і, и

 

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

 

Дауыссыз дыбыстар

б, в, г, ғ, д, ж, з, й, м, н, ң, р, л, к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у)

 

Салдыр мен үннің қатысына қарай

 

үнді (сонорные):

м, н, ң, р, л, й, у

ұяң (звонкие):

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

қатаң (глухие):

к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

 

 

Үндестік заңы

 

Буын үндестігі Дыбыс үндестігі
жазушыларға, әншілерді ілгерінді ықпал (прогрессивная ассимиляция) кейінді ықпал (регрессивная ассимиляция) тоғыспалы ықпал (прогрессивно-регрессивная ассимиляция)
Қонысбек (Қоныспек),

ашса (ашша)

тарақ (тарағы),

мектеп (мектебі),

білезік (білезігі),

Жанпейіс (Жампейіс),

жұмысшы (жұмышшы)

Досжан – (Дошшан),

Жанқожа – (Жаңғожа)

 

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

 

-мен, -бен, -пен қызбен, оқушымен, Асанмен
-қор еңбекқор, пәлеқор
-паз әсемпаз, өнерпаз,
-қой сәнқой, әзілқой
-нікі, -дікі, -тікі Амандікі, баланікі
-кер, -гер талапкер, мұрагер
-хана емхана, дәрісхана
-стан Өзбекстан, Тәжікстан
-ов(а), -ев(а), -ин(а)  Әуезов, Сәбитова, Сейфуллина

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий