0 комментариев

Ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады. Мысалы: қа-ла-мыз-да, мұ-ға-лім-ге.

Қазақ тілінде тек дауысты дыбыс буын құрай алады, ал дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды, тек дауысты дыбыстармен тізбектеліп келгенде ғана буын құралады. Сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар:

Ашық буын (открытый слог) бір ғана дауысты дыбыстан тұрады не дауыссыз дыбыстан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ба-ла, а-на, а-ға.

Тұйық буын (полузакрытый слог) дауысты дыбыстан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: ал, ар, өрт.

Бітеу буын (закрытый слог) дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: күн, дәп-тер, мек-теп.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий